Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы ағымдағы жылдың 27 маусымында аса маңызды тағылымдама жиынын ұйымдастырды. Бұл іс-шараға облыстың аудан, қалаларындағы тұрғын үй және газ-техникалық инспекциялардың мамандары жиналды. Жиынның басты мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздікті, әсіресе газбен жабдықтау және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру бойынша біліктілікті жетілдіру, өзекті мәселелерді талқылау және заманауи тәсілдерді енгізу болып табылады. Мұндай бастама халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың үздіксіздігін және өзектілігін көрсететіні сөзсіз.
Жиын барысында екі негізгі тақырып кеңінен талқыланды, олар қазіргі таңдағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер, яғни «Газ және газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздікті арттыру». Табиғи газ – тұрмыста және өндірісте кеңінен қолданылатын энергия көзі болғанымен, оны дұрыс пайдаланбау немесе газ жабдықтарының техникалық ақаулығы ауыр зардаптарға, соның ішінде жарылыстар мен өрттерге әкелуі мүмкін. Статистикалық деректер газ жарылыстары салдарынан болатын қайғылы оқиғалардың саны азаймай тұрғанын көрсетеді, бұл мәселенің аса өзекті екенін дәлелдейді.
Газ жабдықтарын орнату, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуына баса назар аударылды. Тұрғын үй секторындағы газ қауіпсіздігін бақылауды күшейту, әсіресе ескі тұрғын үйлердегі жабдықтардың жай-күйін тексерудің жүйелілігі талқыланды. Заңсыз газ қосылымдары мен газ жабдықтарын өз бетінше орнатудың алдын алу шаралары, оның ішінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын күшейту мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, газ ағып кетуін анықтау жүйелерінің маңызы, оларды орнату және үнемі тексеру тәртібі туралы ұсыныстар айтылды. Бұл тақырыпта мамандар газ қызметін көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимылды жақсарту жолдарын, ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар, мәдениет үйлері, спорт кешендері сияқты әлеуметтік нысандардағы қауіпсіздікке ерекше мән беру қажет, себебі бұл жерлерде адамдардың, әсіресе балалар мен қарт адамдардың көптеп шоғырлануы ықтимал. Мұндағы кез келген төтенше жағдай үлкен қайғыға ұласуы мүмкін.
Әлеуметтік нысандардағы өрт қауіпсіздігі жүйелерінің, дабыл беру құралдарының, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын және олардың уақтылы техникалық қызмет көрсетілуін тексеріп отырған жөн. Электр желілерінің, желдету жүйелерінің және жылыту жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау механизмін күшейтіп, төтенше жағдайлар кезінде эвакуация жолдарының еркін болуын, белгілердің анықтығын және жарықтандырылуын қамтамасыз ету керек. Мұндай нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлерге өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бойынша тұрақты нұсқамалар өткізіп, төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында оқу-жаттығулар ұйымдастырудың маңыздылығы орасан. Тағылымдама жиыны барысында қатысушыларға осы мәселелер бойынша жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіліп, нақты ұсынымдар айтылды. Саланың тәжірибелі мамандарының баяндамалары мен практикалық мысалдарға негізделген талдаулары қатысушылардың білімін толықтыра түсті. Жиынға қатысушылар өздерінің қызмет барысында кездескен өзекті мәселелермен бөлісіп, ұсыныстарын айтты және қызу пікір алмасты. Бұл пікір алмасу өңірлердегі қауіпсіздік шараларын жетілдіруге, ортақ проблемаларға тиімді шешімдер табуға және озық тәжірибелерді таратуға мүмкіндік берді. Мұндай диалог Департамент пен жергілікті инспекциялар арасындағы өзара әрекеттестікті, сондай-ақ ведомствоаралық байланысты нығайтады, бұл төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы үйлесімділікті арттырады.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы ұйымдастырған бұл тағылымдама жиыны облыс аумағындағы өнеркәсіптік және тұрмыстық қауіпсіздікті арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Қауіпсіздік саласы үнемі дамып отыратындықтан, мамандардың біліктілігін үздіксіз арттыру, жаңа технологиялар мен әдістерді меңгеру аса қажет. Заңнамалық базаны жетілдірумен қатар, кадрлық әлеуетті арттыру – кез келген төтенше жағдайға қарсы тұрудың негізгі факторы.
51Мұндай жиындар өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алудағы тиімділікті арттырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады. Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі – қоғамның тұрақты дамуының және әрбір азаматтың сенімді болашағының кепілі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаса бермек.