Дәл солай, Түркістан қаласындағы балаларды оңалту орталығындағы өрт тактикалық сабағы – қауіпсіздіктің кепілі деп дөп басып айтуға болады. Осы орайда Түркістан қаласындағы төтенше жағдайларға дайындықтың маңызы әрқашан жоғары.
Халық санының өсуімен қатар, қала инфрақұрылымы да кеңеюде, бұл өз кезегінде өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтері түсінікті. Осыған байланысты жүйелі жұмыстардың бір көрінісі ретінде, жуырда Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (МӨСБ) жеке құрамымен жоспардан тыс өрт тактикалық сабағы өткізілді. Бұл сабақ Ерубаев көшесі №201а мекенжайда орналасқан «Балаларды оңалту орталығы» ғимаратында ұйымдастырылды.
Өрт тактикалық сабақтарының маңыздылыңғы мен мақсаты жайында сөз қозғар болсақ, тактикалық сабақ дегеніміз – өрт сөндіру бөлімдерінің кәсіби дайындығын арттырудағы ең тиімді әдістердің бірі. Олар нақты нысандардағы ықтимал өрт қауіптерін зерттеуге, өртті сөндіру мен адамдарды құтқару бойынша тактикалық жоспарларды пысықтауға мүмкіндік береді. Балаларды оңалту орталығы сияқты әлеуметтік маңызы зор, сонымен қатар ерекше қорғауды қажет ететін контингент шоғырланған нысанда мұндай сабақтың өткізілуінің маңызы айрықша. Нысанның ерекшеліктерін зерттеубойынша, ғимараттың құрылыс ерекшеліктері, өртке қарсы жүйелерінің жағдайы, эвакуациялық жолдардың орналасуы және оңалту орталығындағы балалардың ерекше қажеттіліктерін ескеру бірінші кезекте екені рас. Өрт сөндіру тактикасын пысықтау жағдайында, ықтимал өрт ошақтарын анықтау, өрт сөндіру құралдарын тиімді орналастыру, өртті оқшаулау және жою әдістерін тәжірибеде қолдану қажеттігі ескеріледі.
Адамдарды құтқару және эвакуациялау жағдайында, ең алдымен ерекше қажеттіліктері бар балаларды қауіпсіз жерге көшірудің ең жылдам және тиімді жолдарын пысықтау керек. Бұл орайда психологиялық қолдау көрсетудің маңызы да зор. Өрт сөндіру бөлімінің өзара әрекеттесуін жақсарту бойынша, жеке құрамның үйлесімді жұмысын, командалық әрекеттерді және басшылықтың шешім қабылдау жылдамдығын арттыру басты назарда болады. Тактикалық сабақ барысында №1 МӨСБ жеке құрамының негізгі жұмысы, орталық ғимаратының жоспарын мұқият зерделеп, өрт шыққан жағдайдағы ықтимал сценарийлерді талқылады. Атап айтқанда, біріншіден барлау жұмыстары: ғимарат ішіндегі және сыртындағы жағдайды бағалау, өрт ошағының орнын, таралу бағытын анықтау, адамдардың болуы мүмкін жерлерін белгілеу.
Екіншіден, құтқару операциялары: ерекше қажеттіліктері бар балаларды эвакуациялаудың арнайы әдістерін, мысалы, төсек-орындарда немесе арбаларда жатқандарды қалай шығару керектігін пысықталады. Үшіншіден, өртті сөндіру әрекеттері: өрт сөндіру барысында қолданылатын негізгі және қосымша құрал-жабдықтарды іске қосу, өртке қарсы қорғаныш жүйелерінің (өрт дабылы, су сепкіштер) жұмысын тексеру.
Қызметкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізген кезде, алдымен тактикалық сабақ аясында орталық қызметкерлеріне арнайы өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оларға өрт шыққан жағдайдағы алғашқы әрекеттер, өрт дабылы естілгендегі эвакуация ережелері, өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер) қолдану тәртібі және қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер берілді. Бұл қызметкерлердің өздерін және балаларды қауіпсіздікте сақтау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Жалпы «Балаларды оңалту орталығы» сияқты әлеуметтік нысандарда өрт қауіпсіздігі шараларының қатаң сақталуы – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Мұндай орталықтардағы балалар ерекше қорғауды қажет ететіндіктен, кез келген төтенше жағдайдың алдын алу және оған дайын болу аса маңызды.
Жоспардан тыс өткізілген бұл өрт тактикалық сабағы Түркістан қаласы ТЖБ №1 МӨСБ-нің кәсіби деңгейінің жоғары екенін және олардың азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударатынын көрсетеді. Мұндай сабақтардың тұрақты түрде өткізілуі өрт сөндірушілердің кез келген күрделі жағдайда тиімді әрекет ету қабілетін арттырып, олардың дағдыларын шыңдайды. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі бойынша білімін арттыру – жалпы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Түркістан қаласының «Балаларды оңалту орталығында» өткізілген өрт тактикалық сабағы қаланың төтенше жағдайларға дайындығын жақсартудағы маңызды қадам болды. №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне жүргізілген түсіндірме жұмыстары – бәрі де қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың құрамдас бөлігі. Мұндай іс-шаралардың жиілігін арттыру арқылы ғана біз өз азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сенімді түрде қамтамасыз ете аламыз.