
Үш сағатқа созылған жеке қабылдауда гемодиализ – бүйрек дертіне шалдыққан 20 ға жуық азамат келіп, мемлекеттен берілетін бір реттік жәрдемақының мөлшері азайғанына шағым айтып, мәселені шешуге көмек сұрады. Қабылдау барысында жердің мемлекеттік актісін дайындау барысында келтірілген олқылықтарды ретке келтіру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж азаматтарға пәтер беру, бірінші мөлтек аудандағы көпқабатты үйдің шатырын жөндеп, ойын алаңшасын орнату сынды проблемалар талқыланды. Жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматты тұрғын үй кезегіне қою, балық шаруашылығын қолға алған кәсіпкердің жеріне қатысты туындаған сұрақтар қойылды. Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты бастап келген аудан тұрғындары ауыз суға қатысты өтініштерін айтса, жеке кәсіпкер «Төлеби баба» саябағы аумағына аттракциондар орнату жобасын ұсынды.