Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан зиянкестермен күрестің күшейтілуі келісілген болатын. Осы ретте ауданымызда марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүйелі түрде пысықталуда деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбеков ауданға арнайы келіп, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге жауапты сала басшыларының басын қосып, Бөржар ауылдық округіне қарасты алқапқа барып, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарының барысымен танысты.
«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Ордабасы ауданы мамандарының зерттеуімен аудан бойынша ағымдағы жылы 8,5 мың гектар аумақта зиянкестердің таралу мүмкіндігі анықталған болатын. Қазіргі таңда 10 нан астам зиянкескер ошағында химиялық өңдеу жүзеге асты.
Ауданда жалпы зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына 5 дана арнайы техника, 20 дана аспалы бүріккіш құралдары, 20 арнайы өңдеуші мамандар жұмылдырылды.
Аталған жұмыстардың қазіргі жағдайымен танысқан мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбеков жауапты сала басшылары мен арнайы мамандарға зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын межелі уақытта сапалы аяқтауды тапсырды.