2025 жылдың 27 наурызында Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Тәуке хан даңғылы, 5 мекен жайындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимаратындағы конференц-залында (340 аудитория) ұйымдастырылады. Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен қала әкімдігінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») қол жетімді болады.
🔷 Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар.
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
🔷 Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8(701)100-44-66 арқылы хабарласуды және сұрақтарыңызды алдын-ала WhatsApp нөмірге немесе электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz жолдауды сұраймыз.
Азаматтарды белсенділік танытуға шақырамыз.