🔷 Бүгін халықпен есептік кездесулер аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Отырар шағын ауданының, сондай-ақ Адырбеков, Ілияев, Бейбітшілік және Гагарин көшелерінің тұрғындарымен кездесті деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
🔷 Әкім қала тұрғындарымен бірге шешімін күткен өзекті мәселелерді талқылады. Олардың қатарында жылу мен газбен қамту, кәріз жүйесі, бейнебақылау камераларын орнату, көпқабатты үйлердің лифтілерін, қасбеттерін және шатырларын жөндеу мәселелері бар.
🔷 Сонымен қатар, тұрғындар аулаларды тазалау, қоқыс шығару және қоғамдық орындарды қолайлы етуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік нысандарының қызметі мен дренаждық жүйелердің жағдайы туралы мәселелер көтерілді.
🔷 Айта кету керек, қала басшысы, аудан әкімі мен басқарма басшылары кездесуде көтерілген маңызды мәселелер бойынша тұрғындарға жан-жақты жауап беріп, шешу жолдарын түсіндірді. Қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.
🔷 Қала әкімі тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы мен сындарлы диалог үшін алғыс айтып, бірлескен күш-жігер арқылы қаланы өмір сүруге қолайлы етуге болатынын атап өтті.