Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыстың алдын алу үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алуымыздың қажеттігі жайындағы “Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікке қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру” бойынша берген тапсырмасы қалай орындалуда?
Түркістан облысының Сайрам Ауданы Әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымында N243 қаулысына сәйкес Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Отбасын қолдау орталығы” мекемесі құрылды.
Бүгін осы орталыққа келіп, басшысы Жақсыбек Өтегеновпен және ондағы қызмет жасап жүрген 25 мамандарымен көрісіп, орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстым.
Орталықтың ең басты мақсаты — өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсету екендігі баршаға аян. Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшейтіліп, әйел құқықтары мен бала қаіпсіздігін қорғауға ерекше басымдық беріліп отырғаны шындық. Мекеме басшысының айтуынша, тұрмыстық зорлық – зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау жасай отырып, 1 ай мерзімге дейінгі 8 жатын орынмен, 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіні және аз қамтылған көп балалы отбасыларға ақпараттық, құқықтық, психологиялық қолдау көрсетулермен қоса қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстары қарастырылған екен. Оған өзімде куә болдым.
Орталық аудан көлеміндегі мектептерде жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллингтің, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар және де мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған отбасыларды ерте анықтау және оларға қолдау көрсету бойынша мобильді топ жұмысын ұйымдастырады екен.
Осы күнге дейін 574 адамға түрлі жағдайда әлеуметтік көмек көрсетілсе, аудан бойынша 20207 Д және Е санатындағы отбасыларды үйме-үй аралау жұмыстарын жүргізу аясында, 3940 отбасы қалыпты отбасы қатарына қосылғанынан да хабардар болдық. Бұл әрине орталық қызметкерлерінің табанды еңбегінің жемісі деуге болады.
Алдағы уақытта орталық қызметкерлерінің аса жауапты жұмыстарында біліктіліктері артып, соның нәтижесінде дағдарысқа тап болған отбасылардың азаюуына тілеулес болдым.