Бүгін Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Болатұлы аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың тапсырмасымен Жамбыл елді мекеніндегі “Жамбыл” ауылдық мәдениет үйіне арнайы барды деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Іс-сапар барысында мәдениет үйінің жай-күйімен танысып, нысанның өзекті мәселелерін қарастырды. Мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғырту мақсатында тиісті құрылыс мамандары шақырылып, жөндеу жұмыстарының мүмкіндіктері талқыланды.
Аудан әкімдігі тарапынан мәдениет үйінің жағдайын жақсарту бойынша нақты шаралар қолға алынып, аталған жұмыстарды қатаң бақылауда ұстайтын атап өтті.