Бүгін Ордабасы ауданына арнайы іссапармен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев келді деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Іссапар барысында Шұбарсу ауылы, Арал-ЭКО массивінде құрылысы жанданған (600 орындық) мектептің жай-күйімен танысып, ондағы жауапты мердігерлермен кездесті.
Бүгінде іргесі қаланып, қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылған білім ордасының терезелері орнытылып, ішкі және сыртқы жұмыстарына екпін берілген. Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы мен Департамент басшысының бірінші орынбасары құрылыс сапасын бақылауда ұстап, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды. Арнайы графиг түзіліп, жұмысшы санын көбейту, құрылыс жұмыстары барысында ешқандай кемшіліктердің орын алмауын бақылауда ұстауды тарсырды.
Айта кетейік, 3 қабаттан тұратын білім ұясының құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, тек іргетасы ғана құйылып, құрылысы тоқтап қалған болатын. Бүгінгі күнде «Дос и К» ЖШС тарапынан мектептің қабырғасы қаланып, төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде.