Заңсыз көші-қон сұрақтары талқыланды.
Ағымдағы жылдың 29-қаңтары күні ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінде «Заңсыз көші-қон сұрақтары» тақырыбында қызметтік жиналыс өткізілді. Қызметтік жиналысқа ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов басшылық жасап онда Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша өзара әрекет етуші құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов қызметтік жиналысқа қатысушыларға ҰҚК Шекара қызметінің былтырғы жылы заңсыз көші-қонмен күресудің алдын алу бағыты бойынша жүргізген жұмыстары сонымен қатар қандай мәселелелермен бетпе-бет келгендігі туралы ақпараттарды мен қызметтік жиналыстың өткізілу деңгейін, жоспарын жеткізді.
ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Ғани Ағаділов Қазақстан Республикасы көші-қон заңы талаптарының негізінде Түркістан облысындағы өткізу бекеттері арқылы өтетін еңбек мигранттарынан анықталатын кемшіліктер туралы баяндама жасады.
ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Жанар Қожахметова елімізге келетін және елден шығатын еңбек мигранттары, оларды бақылау үшін жасалынып жатқан шаралардың легі туралы туралы баяндама жасады.
«Заңсыз көші-қон сұрақтары» тақырыбында өткізілген қызметтік жиналыс Түркістан облысы деңгейінде полиция мен шекара қызметі өкілдері арасында заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған бірлескен бұйрық шығарылып, екі ведомоства өкілдері заңсыздықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жасау туралы келісімге келді. Бұл жұмыс еліміздегі заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталып отыр.
Қызметтік жиналыс соңында Төлеужан Сабырұлы Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша өзара әрекет етуші құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары үшін алғысын білдірді.