30 қаңтарда Түркістанда орналасқан 6506 әскери бөлімі 3 жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында табылған ұялы телефонды азаматқа қайтарып берді деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Оқиға Талқанбаев көшесінде болған. Сағат 22.00 шамасында жас жігіт өзінің жоғалған «Samsung A52» маркалы телефонын тауып беруін сұрап әскери жасаққа жүгінді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Данияр Сағынтай мен патрульдік Сүлеймен Ібай мен Саят Қаламбай жағдай туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндап, смартфон іздеуге кірісті. 20 минуттық іздеуден кейін әскери қызметшілер жоғалған телефонды тауып, иесіне қайтарды.
Гаджет иесі ұландықтарға қырағы және адал қызмет атқарғаны үшін алғыс айтты, ал олар өз кезегінде қырағы болуды тілеп, қызмет атқаруды жалғастырды.