✅ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бекітілген кестеге сай, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
🔹Қабылдауға келгендер негізінен тұрғын үй кезегіне қатысты туындаған сұрақтарын қойып, балалар ойын алаңшасын орнату, көпқабатты үйлер ауласын жөндеу, ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, ауыз су сапасына, жоғары кернеулі трансформатордың қуаттылығына қатысты шағымдарын жеткізді. Жеке кәсіпкер «Шұғыла» тігін цехының жұмысымен таныстырса, инвестор аудан орталығынан жекеменшік мектеп ғимараты құрылысы үшін жер телімін қарастыруды өтінді. Сонымен қатар, азаматтар әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу мәселелерін сөз етті. Жеке меншіктегі жер телімінің санатын өзгертуді сұранып, инвестициялық жобасымен таныстырды. Жер, жол, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.
📌 Аудан басшысы тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізілетінін түсіндірді. Ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайтынын айтты.
📌 Қабылдауға келгендердің өтінішін жеке-жеке тыңдаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң шеңберінде шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, барлық өтініштердің орындалуын бақылауға алу үшін хаттама толтырылды.