АУДАН ӘКІМІ ЕРЛАН НҰРМАХАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Мәжілісте:
— 2024 жыл қорытындысымен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу жоспары,
— Бәйдібек аудандық «Электр жүйесі» бөлімінің аудан аумағында 2024 жылы атқарған және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстары,
— аудандық «Жасыл саябақтар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы атқарған жұмыстары мен алда атқаратын жұмыстары,
— Жамбыл ауылдық округінің әкімі Н.Айдарбековтың 2024 жылы атқарған және алда тұрған жоспарлары туралы қаралды деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күн тәртібіне сәйкес тиісті мекеме және бөлім басшыларының, ауылдық окургі әкімінің баяндамалары тыңдалып, жиын қортыныдысымен бірқатар тапсырмалар берілді.
Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жылдың қорытындысымен төмен орындаған тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің тәртіптік жауапкершіліктерін қарауды, жалпы өңірлік өнім көлемін 6%-ға ұлғайту бойынша межеленген жоспардың орындалуын тиісті барлық мекеме басшылары қатаң бақылауға алуды, ағымдағы жылы инвест бағдарлама бойыншада атқарылатын жұмыстар мерзімінде сапалы жүргізілуін қадағалауды, тозған электр желілері мен трансформаторларды кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары бойынша аудан әкімнің атына тоқсан сайын мәлімет ұсынуды, барлық ауылдық округ әкімдері салық түсімдерін арттырып, инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Күн тәртібінен бөлек қосымша 2 мәселе қаралды: аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы мен сенбілік жұмыстарының атқарылу барысы туралы баяндалып және Бәйдібек ауданы бойынша кез-келген оқыс оқиғаларды хабарлау бойынша (ОПС) «аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оқыс оқиғаларды дер кезінде хабарлау алгоритмі» бекітілді.
Жиын соңында аудан басшысы мемлекеттік мекеме басшыларына, ауылдық округі әкімдері мен бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге қатаң түрде ескертіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді күшейту, әдеп нормаларын сақтау жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Мәжілісте айтылған тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.