Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2024 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларындағы азаматтарды мерзімді әскерге шақыру науқанын қорытындылау мақсатында жиын өтті деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етті. Мерзімді әскери қызметке шақырудағы негізгі міндет Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жас сарбаздармен сапалы және уақытылы жасақтау. Жиын барысында әскерге шақыру науқанында көрсетілген меженің орындалу барысы талқыланды.

2025 жылы Төлеби ауданы бойынша көктемгі әскер қатарына шақыру мақсатында 5866 жасты зерделеуден өткізу жоспарлануда. Әскер қатарына шақырушыларды зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы кесте бекітілді.
Сондай-ақ, күзгі шақыру науқанында өзінің кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін ауылдық округ мамандары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.