Бүгін аудандық кітапханада аудан әкімі Аскар Естибаев еркін форматта аудан белсенділерімен кездесу өткізіп, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылады деп, хабарлаған Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған жиында түрлі саладағы қордаланған мәселелер ортаға салынып, аймақты дамыту жайына ой-пікірлер айтылды.
Асқар Сұлтанұлы әр айтылған ұсыныс пен өтінішті назарға алып, сол жерде жауапты орынбасарлары және бөлім басшыларымен бірге шешу жолдарын талқылады. Жиында көтерілген барлық мәселе хаттамаға түзіліп, алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.