Түркістан облысы Сайрам Ауданының аумағында жұмыс жасап жүрген «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемелекеттік мемекемесінің жұмысшылары қыс мезгілінде кешкі сағат 16:00-ден бастап, таңғы сағат 07:00 ге дейін 31 бірлік техника және 53 адам түнгі кезекшілікте болады екен.
Ал таңғы 07:30 дан бастап 25 техника, 140 адам қардан тазалау, инертті материалдар себу жұмыстарымен айналысады.
Олардың еншісіне:
* Аудандық маңызы бар: 120 км
* Облыстық маңызы бар: 50,7 км
* Ішкі жолдар: 214 км
* Аяқ жолдары: 12 км.
Шүкіршілік, “Көрікті Сайрамның” қарапайым жұмысшылары өздеріне тапсырылған жұмыстарын аса жауапкершілікпен атқаруда. Осы мекеменің басшысы Бақтығали Жанабаев “міндеттелген қызметтердің ұқыпты жасалынуы үшін, әсіресе қыс мезгілінде ұйқыны да ұмытамыз”,- деп қалжың араластыра айтқанымен, сөзінің астарында шындықтың буы шығып тұрғаны рас.
Күн суытып, жел тұрып, бұрқасын қар жауған кездері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесіне қарасты Сайрам аудандық электр жүйесінің мамандары да өз өмірлерін қауіпке тігіп, үзілген токтарды жалғап, аудан халқының жарықсыз қалмауын қамтамасыз етіп жүргендері.
Аталмыш мекеменің басшысы Сержан Ханағатиллаұлы Байташовқа,
бас инженері Сакен Маратұлы Дүйсеновке,
— Сайрам, Қарасу Ауылдық Округі, Қайнарбұлақ Ауылдық Округі, Манкент Ауыл Әкімшілігі, Ақсукент Ауыл Әкімшілігі, Қарабұлақ Ауылдық Округітерінің және Сайрам ауданы бойынша қосалқы станциясының шеберлері Муминходжаев Анвар Адхамұлына, Хидирбаев Жасур Даниярұлына, Қаратаев Жалғас Ерболатұлына, Спан Бақдәулет Нұрболұлына, Сағынбек Нұрсұлтан Сланбекұлына, Исаев Эльдор Сұлтанмұратұлына, Сейдінов Дәурен Бахытұлына аудан тұрғындарының алғысын жеткізгім келеді.
Небәрі 8 күн болған жылан жылы, жанымызға жылу, жарық, көшемізге тазалық сыйлайтын азаматтар мен азаматшалардың отбасына бақ-береке әкелсін🙏! Әрдайым алғысқа ие болған жандардың дендеріне саулықта тілеймін.
Осындай қара жұмыстың мамандарын аудан әкімі Арман Сабитов те еңбектерін бағалап, марапаттауды үрдіске айналдырған.
Ылайым нағыз еңбек адамдарының қатары өсіп, өте қажет мамандық иелерінің саны, бүгінгі жас толқын жастармен толыға берсін деген ізгі ниет. Неге десеңіз, аудан аумағында тұратын халықтың саны өскен сайын, мамандық иелеріне сұраныс та артуда.