🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков
жұмыс сапары барысында Мағжан Жұмабаев атындағы № 39 орта мектептің
бастауыш сыныптарға арналған 375 орындық қосымша корпусының ашылуына қатысты деп хабарлаған, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
🔷 Айта кетейік, нысанның құрылысы осы жылдың қаңтар айында басталған болатын. 16-шағын ауданда орналасқан жалпы мектепте 2300 бала оқиды, 460 шәкіртке инклюзивті білім беріледі.
🔷 Жалпы ауданы 4522 шаршы метр үш қабатты жаңа ғимаратта 17 оқу сыныбы бар, онда робототехника, логопед кабинеттері, компьютерлік және лингвистикалық кабинеттер, зертхана қарастырылған. Сондай-ақ, спорт залы, асхана, жеделсаты және жуынатын бөлмелер де бар.
🔷 Балалар мен спорт алаңдары, жүгіру жолы, футбол, баскетбол және волейболға арналған шағын стадиондар салынған.
🔷 Жаңа корпус мектептегі орын тапшылығын шешіп, балаларға қолайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.