Қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштері негізінде қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру жұмыстары жалғасуда деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Зерделеу нәтижесінде келесідей өзгерістер енгізілді:
🔹 №92 автобус маршруты: тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Д.Қонаев мектебіне дейін ұзартылды.
🔹 №150 автобус маршруты: жол қозғалысының ашылуына байланысты Иманғара көшесімен ұйымдастырылды.
🔹 №139 автобус маршруты: Жаңақұрылыс – Әбдіров көшелерінің қиылысына дейін ұзартылды.
🔹 №42 автобус маршруты: Бәйдібек би – Н.Назарбаев даңғылы қиылысында 3.19 «Кері бұрылуға тыйым салынады» және 4.1.1 «Тіке қозғалыс» жол белгілерінің орнатылуына байланысты Т.Назарбеков көшесінен Ж.Шанин көшесіне қарай сызбасы ұйымдастырылды.
Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жолаушылардың талаптары мен ұсыныстары басты назарда.