Түркістан қаласында Республика күні мен қала күні қарсаңында Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан 7 қабатты 14 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл игі іс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы келіп, баспана иелеріне пәтер кілттерін табыстады. Облыс әкімі тұрғындарды қоныстоймен құттықтап, отбасыларына амандық, бақ-береке тіледі.

– Баршаңызды келе жатқан ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін маңызды мереке. Осындай мерейлі мереке қарсаңында қала тұрғындарымызға баспана кілттерін табыстау салтанатының куәсі болып отырмыз. Қазақта «Өз үйім – өлең төсегім» деген тағылымды сөз бар. Шынында да, баспана – адамға жайлы өмір сыйлайтын мекен ғана емес, әр отбасының бақыты мен берекесінің, ертеңге деген сенімінің тірегі. Бүгін баспанаға қол жеткізіп, жаңа өмірге қадам басқалы отырған отбасылар үшін бұл күннің орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын арттыруды, азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында өңірімізде тұрғын үй құрылысы жүйелі түрде жүргізіліп, азаматтардың баспана мәселесін шешуге басымдық берілуде. 2018-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 1 млн 261 мың шаршы метрді құрайтын 23 633 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Бүгінгі күні Түркістан қаласында жалпы 588 пәтерді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілуде. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деген Нұралхан Оралбайұлы тұрғындарды ауланы таза ұстауға, қоршаған ортаның тазалығына белсенді атсалысуға шақырды.

Салтанатты рәсімнен кейін облыс әкімі мен баспана иелері жаңа тұрғын үйлерді аралап, пәтерлердің жай-күйімен танысты. Заманауи үлгіде салынған тұрғын үй кешендерінде тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.

Жаңа тұрғын үй кешені жалпы 3,5 гектар аумақта орналасқан. Құрылыс жұмыстарын «Dep Group» ЖШС, «FS Development Group» ЖШС, «Bes stroy» ЖШС және «ЕвроРемонт Сервис» ЖШС жүргізді. Тұрғын үй кешенінде жалпы 588 пәтер бар. Олардың 194-і жалдамалы баспана болса, 394 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы беріледі. Пәтерлердің жалпы ауданы 36 720,6 шаршы метрді құрайды.

Мереке қарсаңында жаңа пәтерлердің кілтін алған отбасылар үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Жаңа баспанаға ие болған тұрғындардың қатарында I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, толық емес және көпбалалы отбасылар, жесір және тұл жетім санатындағы азаматтар бар. Түркістандықтар қуанышымен бөлісіп, ҚР Президентіне, облыс басшылығына алғыстарын білдірді.

Бұл жұмыстар баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдауға және халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 3 мыңнан астам пәтердің құрылысы жүргізіліп, 2 434 пәтер ел игілігіне берілді. Оның ішінде Түркістан қаласында 2 мыңнан астам пәтерді құрайтын 43 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Нақтырақ айтқанда, 706 пәтер арендалық болса, 1 382 пәтер жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша тұрғын үй кезегіне 23 мыңнан астам азамат тіркелген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______
В ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ В ТУРКЕСТАНЕ СДАНЫ В ЭКСПЛУАТАЦИЮ 14 ЖИЛЫХ ДОМОВ, ИЛИ ОКОЛО 600 КВАРТИР

В Туркестане накануне Дня Республики и Дня города на территории административно-делового центра введены в эксплуатацию 14 семиэтажных жилых домов. Эта инициатива была реализована в рамках поручения Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева.

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров разделил лично радость новоселов и вручил им ключи от квартир. Глава региона поздравил жителей с новосельем и пожелал семьям благополучия и достатка.

– От всей души поздравляю всех вас с наступающим национальным праздником – Днем Республики! День Республики – это важный праздник, прославляющий ценности государственности и независимости нашей страны. Накануне такого знаменательного праздника мы становимся свидетелями церемонии вручения ключей от жилья жителям города. Действительно, жилье – это не только комфорт, но и опора и благополучие каждой семьи, вера в завтрашний день. Для семей, которые сегодня обрели жилье и сделали шаг в новую жизнь, это особая радость. Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев определил повышение качества жизни населения и обеспечение граждан доступным жильем как одно из важных направлений государственной политики. В рамках реализации этих задач в нашем регионе системно ведется строительство жилья, приоритет отдается решению жилищных вопросов граждан. В период с 2018 по 2025 годы в Туркестанской области гражданам, стоящим в очереди на жилье, было передано 23 633 квартиры общей площадью 1 миллион 261 тысяча квадратных метров. Сегодня в городе Туркестане вводятся в эксплуатацию 14 многоэтажных жилых домов, составляющих в общей сложности 588 квартир. Счастья и благополучия в новых домах! – сказал Нуралхан Кушеров и призвал жителей содержать дворы в чистоте и активно участвовать в обеспечении порядка в окружающей среде.

После торжественной церемонии аким области и владельцы нового жилья обошли квартира и ознакомились с их состоянием. В жилых домах, построенных в современном стиле, созданы все условия для комфортной жизни жителей.

Новый жилой комплекс расположен на общей территории 3,5 гектара. Строительные работы вели ТОО «Dep Group», ТОО «FS Development Group», ТОО «Bes stroy» и ТОО «ЕвроРемонт Сервис». Всего в жилом комплексе 588 квартир: 194 арендных и 394 квартиры — для льготного ипотечного кредитования. Общая площадь квартир составляет 36 720,6 квадратных метра.

Для семей, получивших ключи от новых квартир накануне праздника, этот день был наполнен особой радостью. Туркестанцы выразили благодарность Президенту страны и руководству области.

Эти меры направлены на поддержку граждан, нуждающихся в жилье, и повышение доступности жилья для населения.

Отметим, в этом году по области велось строительство более трех тысяч квартир, 2 434 квартиры переданы населению. В том числе в городе Туркестане введены в эксплуатацию 43 многоэтажки с более чем двумя тысячами квартир. Если быть точнее, 706 квартир – это арендные, 1 382 квартиры будут предоставлены через льготное ипотечное кредитование.

В настоящее время по городу в очереди на получение жилья зарегистрировано более 23 тысяч граждан.
Пресс-служба акима Туркестанской области