Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға – алғашқы Құрылтай сайлауы күні Кентау қаласында тұрғындардың белсенділік танытуы мен саяси шараның жоғары деңгейде өтуіне бағытталған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Осындай мазмұнды жиындардың бірі Кентау қалалық орталық кітапханасында бой көтерді. Сайлау учаскесіне келуші дауыс берушілер мен оқырмандар үшін арнайы әзірленген шара азаматтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани серпіліс берді.
Мәдени шара барысында кітапхана ұжымы өз қорындағы сирек кездесетін әдебиеттер мен соны туындылардан арнайы тақырыптық кітап көрмесін жасақтады. Көрменің негізгі бағыттары:тандық және әлемдік классиктердің үздік шығармалары. Қазақстанның мемлекеттілік тарихы, елдік пен бостандық жолындағы тарихи кезеңдерді баяндайтын кітаптар. Ұлттық құндылықтар, дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған басылымдар.
Дауыс беруге келген қала тұрғындары өз таңдауын жасап қана қоймай, көрмеге қойылған жаңа туындылармен танысып, рухани сусындауға мүмкіндік алды. Еліміздің саяси тарихындағы маңызды белес – алғашқы Құрылтай сайлауы аясында ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарлама жиналған қауымға ерекше мерекелік атмосфера сыйлады. Шара барысында қалалық өнерпаздар мен өнер мектептерінің өкілдері патриоттық және әуезді әндерді шырқады. Әсерлі музыкалық тартулар жасалып, дауыс берушілердің саяси науқанға көтеріңкі көңіл-күймен қатысуына жағдай жасалды.
Кентау қаласының орталық кітапханасында өткен бұл мерекелік мәдени шара тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып, саяси маңызы бар күнді нағыз халықтық мерекеге айналдырды.

