Түркістан облысының полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы абаттандыру талаптарының бұзылғанын анықтады. Нақтырақ айтсақ, полицияның бейнекамерасына Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы көшелердің бірінде аялдама маңына құрылыс материалдарын тастаған тұрғынның әрекеті түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері бірден құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін шара көрілді. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға шақырады. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың міндеті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру талаптарын бұзуға және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмейді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


