Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру, ауылдық аймақтарды көркейту, инженерлік-инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру – басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл – ел бесігі», «Таза Қазақстан» және басқа да ұлттық жобалар шеңберінде Түркістан облысының әрбір ауданында оң өзгерістер мен ауқымды бастамалар көрініс табуда. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Аймақтардың дамуы – мемлекет қуатының айқын көрсеткіші. Әрбір аудан әкімінің жұмысы нақты нәтижемен, халықтың турмысының жақсаруымен өлшеуіш өтуі тиіс» деп үнемі баса айтып келеді.
Осы орайда, Түркістан облысының оңтүстік өңіріндегі маңызды стратегиялық аудан – Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстар мен жүйелі реформаларға қатысты «Өскен Өңір» газетінің бас редакторы Сабит Қоспанұлы Лаханов өз сараптамалық пікірін білдірді.
Ауданның бас басылымының бас редакторы әрі әріптесіміз Сабит Лаханов аудан көлемінде атқарылып жатқан кешенді де ауқымды жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тұрақты дамыту екенін атап өтті.
Ол өз сөзінде аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың басқару стиліндегі басты ерекшелік – халықтың арыз-шағымдары мен сұраныстарына жедел үн қосу, мәселелерді шешуде ашықтық пен нақтылықты қамтамасыз ету екендігін ерекше атап өтті. Сондықтан да соңғы жылдары ауданда жүзеге асырылып жатқан әрбір жоба, мейлі ол әлеуметтік нысан немесе инженерлік инфрақұрылым болсын, ең алдымен шардаралықтардың тұрмыстық жайлылығын арттыруға бағытталғанын алға тартты.
Сабит Қоспанұлы сөз кезегінде соңғы жылдары Шардара ауданында іске асқан негізгі инфрақұрылымдық жобаларға егжей-тегжейлі тоқталып, жақында ғана ел игілігіне берілуге дайындалған «Тама» ауыз суы нысаны сияқты стратегиялық резервуарлардың салынуы – аудан тұрғындарын 100 пайыз сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге жасалған үлкен қадам екендігін еске салды.
Сонымен қатар, аудан орталығы мен ауылдық елді мекендерді жалғайтын ішкі және күре жолдарды асфальттау, жаяу жүргіншілер жолдары мен жарықшамдар орнату жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тозығы жеткен трансформаторлар мен электр бағаналарын жаңалау, елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту ісі жүйелі түрде жүріп жатқанын және саябақтарды, гүлзарларды ретке келтіру, жасыл желекті суаратын автоматтандырылған жүйелерді енгізу ауданның эстетикалық келбетін айтарлықтай өзгертуге қосқан үлесіне де тоқталды.
Еске салсақ, Шардара өңірі – суармалы егіншілік пен балық шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыған құнарлы өлке. Аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау, шаруаларға субсидия мен жеңілдетілген несие беру, егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету бағытында маңызды бастамалар жүзеге асуда. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жеке инвесторларды тартып, жаңа өндіріс орындарын құру бағытындағы жұмыстар оң нәтижесін беруде.
Сабит Лаханов өз сөзін қорытындылай келе, «Кез келген жетістіктің негізінде жауапкершілікпен басқару, халықпен тұрақты да ашық байланыс және нақты нәтижеге бағытталған сапалы жұмыстар жатады. Шардарада атқарылып жатқан игі істер халықтың реалі сұранысына негізделген. Басқарудың осындай жүйелі үлгісі ауданның одан әрі өркендеуіне берік тұғыр болады», – деп атап өтті.
Жасыратыны жоқ, Шардара ауданында өтіп жатқан оң өзгерістер – аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың басшылығымен атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың, жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы орнықты ынтымақтастықтың айқын нәтижесі.
«Өскен Өңір» газетінің бас редакторы Сабит Лаханов атап өткендей, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған бұл бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, Шардара өңірі Түркістан облысының ең өркендеген, берекелі аудандарының бірі болып қала бермек деген нық сенімдеміз.

