Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, халыққа көрсетілетін көмек түрлерін цифрландыру және әрбір дағдарысты жағдайға жедел әрекет ету — бүгінгі басқару жүйесінің басты талабы болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің стратегиялық Жолдауларында «Әділетті Қазақстан» құру жолында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, әсіресе өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды қорғау тетіктерін барынша оңтайландыруды тапсырған болатын. Осы мақсатта, Отбасын қолдау орталығының күнделікті қызметінде жүйелілік пен ашықтықты қамтамасыз ету, мамандардың жауапкершілігін арттыру бағытында маңызды әкімшілік қадам жасалды. Орталықта апталық ішкі жиналыс өтіп, алдағы кезеңде атқарылатын бірқатар маңызды мәселелер қаралды және нақты іс-қимыл тапсырмалары айқындалды.
Жиынның күн тәртібіндегі ең бірінші және стратегиялық маңызды мәселе — әлеуметтік жұмысты цифрландыру және жаңа технологиялық платформаларды енгізу бағыты болды. Отырыс барысында «FSM Social» мобильді қосымшасының жұмысын жетілдіру және мобильді жұмысшы топтың қызметін жүйелеу жедел түрде тапсырылды.
«FSM Social» қосымшасы — бұл дағдарысқа ұшыраған, әлеуметтік қолдауды қажет ететін немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі төнген отбасыларды нақты уақыт режимінде анықтауға және оларға жедел жұмысшы топтарды бағыттауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Жиын жетекшісі бұл бағдарламамен жұмыс істеу барысында ешқандай немқұрайлылыққа жол берілмейтінін ескертті. Әрбір келіп түскен дабыл, әрбір толтырылған электронды мәлімет базасы уақытында өңделіп, тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Қосымшаның техникалық мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы аудан көлеміндегі әлеуметтік картаның нақтылығын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Әлеуметтік мәселелер мен отбасылық дағдарыстар тек бір ғана мекеменің күшімен шешілмейді. Сондықтан апталық жиналыста ведомствоаралық байланысты жаңа сипатқа көшіру мәселесі қатты айтылды. Осы бағытта емхана, полиция, білім бөлімі және ауылдық округ әкімдіктерімен бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі ерекше атап өтілді. Мәселен, жергілікті жердегі дағдарысты отбасылардың алғашқы тізімін жасау және тұрмыстық жағдайды күнделікті бақылау жергілікті әкімдіктерге, полиция қызметіне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қауіпті аймақтарды бірлесе аралау, ал емхана мамандары мұқтаж отбасы мүшелеріне, әсіресе балалар мен қарттарға уақтылы медициналық көмек көрсету, психосоматикалық қолдауды ұйымдастыру және балалардың мектепке қатысуын қадағалау, олардың әлеуметтік және материалдық қажеттіліктерін мектеп әкімшілігімен бірлесе шешу білім бөліміне жүктелді. Мұндай кешенді серіктестік қағазбастылықты азайтып, көмектің нақты мекенжайға тез жетуіне кепілдік береді.
Әлеуметтік жағдайы төмен және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмысты жандандыру мақсатында орталықтың іс-қимыл тактикасы өзгертілді. Бұдан былай әрбір отбасының ішкі мәселелерін тереңірек ұғыну үшін олардың нақты қажеттіліктерін анықтайтын арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізілетін болады. Сауалнама нәтижелері негізінде үлгілік шаблондар емес, әр шаңырақтың ерекшелігіне қарай жеке жұмыс жоспарлары әзірленеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласы тікелей заң талаптарының қатаң сақталуын талап етеді. Осыған байланысты, жиналыстың ең маңызды блогы ретінде орталық қызметі аясында заң талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды. Қызмет барысында орын алуы мүмкін кез келген құқық бұзушылықтарға, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалануға немесе азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзуға жол бермеу міндеттелді.
Егер заң бұзушылық немесе өз міндетіне салғырт қарау фактілері анықталған жағдайда, тиісті тәртіптік және заңды шаралар шұғыл түрде қабылданатын болады. Орталық басшысы жиында жауапты мамандардың жеке жауапкершілігін күшейтуді және құзырлы органдармен өзара іс-қимылды жүйелі түрде жүргізуді қатаң шегелеп тапсырды.
Апталық жиналысты қорытындылай келе, алға қойған барлық міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуы басшылықтың қатаң бақылауына алынғаны мәлімделді. Әрбір маманның атқарған жұмысы апта сайынғы есептер арқылы бағаланып, «FSM Social» бағдарламасындағы көрсеткіштермен салыстырылып отырады.
Орталықтың мақсаты — құрғақ есеп беру емес, аудандағы әлеуметтік тұрмысы төмен әрбір отбасының өмір сүру сапасын нақты жақсарту, оларға қауіпсіз әрі бақытты өмір сыйлау болып табылады. Мамандардың кәсібилігі мен ішкі тәртіптің мықтылығы бұл мақсаттарға қол жеткізуге толық мүмкіндік береді.

