Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, азаматтардың сот және атқарушылық өндіріс саласындағы қызметтерге жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында adilel.kz бірыңғай цифрлық платформасы маңызды рөл атқарып келеді. Бұл платформа әділеттілікке қолжетімділікті жеңілдетіп, атқарушылық іс жүргізу процесінің мөлдірлігін арттыруда. adilel.kz платформасының негізгі артықшылықтарының бірі – азаматтарға өздеріне қатысты атқарушылық өндіріс материалдарына қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін беруі. Бұл функция арқылы, өндіріс материалдарын қарау үшін сот орындаушысының кеңсесіне немесе басқа мемлекеттік органға бару қажеттілігі жойылады. Азаматтар кез келген уақытта және кез келген жерден, тек интернет байланысы арқылы өз құжаттарымен таныса алады. Өндіріске қатысты…
Автор: aimaq_user
Бүгін – еліміздің тарихында айрықша орын алатын, Қазақстан Республикасының экономикалық дербестігін паш еткен мереке – Ұлттық валюта күні аталып өтеді. 15 қараша күні теңгенің айналымға енгеніне толы жылдар толды, бұл күн – мемлекетіміздің қаржылық тұрақтылығы мен даму бағдарын айқындайтын маңызды меже. Ұлттық валюта – теңге – Қазақстанның саяси тәуелсіздігінің нышаны ғана емес, сонымен бірге экономикалық тәуелсіздігінің басты кепілі. 1993 жылы теңгенің айналымға енуі елдің өз алдына дербес ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік беріп, мемлекеттік қаржы жүйесінің негізін қалады. Бұл қадам тарихи тұрғыдан аса маңызды болды, себебі ол еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға және инфляцияны тұрақтандыруға жол ашты. Әрбір теңгенің артында — Қазақстан…
Ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі – қаржы нарығы. Экономикамызды қаржыландыратын негізгі канал ақша нарығы екені тағы бар. Осыдан кейін еліміздің өңірлерінде іске асырылатын жобалар мен өңірлерді дамыту мәселелерінің барлығы да қаржыға келіп тіреледі. Осы ретте, тарихы тереңде жатқан – теңгеміз жайында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлының қатысуымен «Қазақстанның ұлттық валютасы күні» және Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты кездесу өтті. 15 қараша – Қазақстанның ұлттық валютасы бекітілген күн ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген сала қызметкерлерінің еңбегі ескерілетін маңызды күн. Түркістан қаласында өткен салтанатты іс-шара – Ұлттық…
Түркістан қаласында әлеуметтік қолдау мен баспанамен қамтудағы тың жетістіктер жайында ауыз толтырып айтуға болады. Цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады. 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Бұл бұрын тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіткен құжаттың жаңартылған нұсқасы. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және негізгі қызметтерге тең қолжетімділік үшін кешенді коммуналдық инфрақұрылымды және жайлы тұрғын үйді дамытуды қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оның…
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласының орталығында орналасқан азық-түлік дүкені ерекше және патриоттық рухта безендіріліп, қала тұрғындарының назарын аударды. Кәсіпкер Дархан Сраждиновтың бастамасымен ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты – тұтынушыларға тек сапалы қызмет көрсету ғана емес, сонымен бірге келе жатқан 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесінің ерекше мерекелік атмосферасын сезіндіру болды. Безендіру жұмыстары таңертең басталып, кешке толық аяқталды. Дүкеннің іші мен сырты Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – көк байрақ пен алтын күн сәулесіне толы ұлттық нақыштармен көмкерілген. Бұл безендірулер дүкенге келген әрбір адамға Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, мерекенің маңыздылығын еске салды. Кәсіпкер Дархан Сраждинов: «Біздің ойымыз – келген тұтынушылар мерекелік құндылықты…
Бүгінгі таңдағы инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар талабы — басты назарда ұстаған Түркістан қаласының әкімдігі өңірді кешенді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жуырда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен маңызды жиын дәл осы міндеттерге арналды. Кездесуде қаланың негізгі үш секторы — Шауғар, Яссы және Бірлік аумақтарындағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстардың нәтижелері жан-жақты талқыланды. Секторлардың өзекті мәселелері — кешенді шешімдердің мән – жайы сөз болды. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, сектор жетекшілері, бөлім басшылары және жауапты мекемелердің өкілдері қатысты. Бұл жиынның басты ерекшелігі — қала басшысының тұрғындармен бұған дейін өткізген кездесулері барысында айтылған өтініштер мен…
Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамыту және тұрғындарға ыңғайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстардың маңызды бөлігі қоғамдық көлік аялдамаларының санитарлық тазалығы мен заманауи үлгіге ауыстырылуына бағытталған. Қала әкімдігі тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды. Осы мақсатта, қала аумағындағы қоғамдық көлік аялдамаларына қатысты тазалық жұмыстары жүйелі түрде, күнделікті негізде жүргізіліп келеді. Бұл кешенді жұмыстар тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Мамандар, аялдама павильондарын, шатырларын және орындықтарын толығымен жуып-тазартады. Онан бөлек, айналар мен басқа да құрылымдық элементтерді мұқият тазалайды. Сонымен қатар, бұзылған немесе тозған жерлерді жедел қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын атқарады. Бұл шаралар тек эстетикалық көріністі жақсартып қана қоймай, қала тұрғындарының…
Тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, алға бастай білетін әкімді нағыз әкім деуге болады. Ел Президенті ауыл әкімдерінің диалог-платформасында «ауыл басшылары» жайлы дәл осындай түсінік берді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жыл өткен сайын халықтың талап-тілегі артып келеді. Бұл – бүкіл әлемге ортақ үрдіс. Әкімдер халыққа құрметпен, шыдамдылықпен, түсіністікпен қарап, азаматтармен ашық әңгіме жүргізуге тиіс. «Олар барлық мәселені мүмкіндігінше өз деңгейінде шұғыл және сапалы шешуі қажет. Бірақ бұл міндетті атқару үшін жергілікті әкімдердің қолында тиісті құзыреті болуы керек. Атқарылып жатқан жұмыстың мән-жайын үнемі жұртқа түсіндіріп отырған жөн. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген. Әрине, айтылған ұсыныс-пікірге назар аудару керек. Бірақ әркімнің, әсіресе, іс-әрекеті ерсі, ниеті…
Түркістан қаласының көркемдігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етуде қалалық қызметтердің атқаратын рөлі ерекше. Бұл бағыттағы маңызды жұмыстарды жүзеге асырушылардың бірі – «SKGEOKART» жауапкершілігі сақтаулы серіктестігі (ЖШС) мамандары. Олар қаланың негізгі аймақтарында, атап айтқанда, Бекзат Саттарханов даңғылы мен туристік тартымдылығы жоғары «Керуен сарай» аумағында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Б.Саттарханов даңғылы мен «Керуен сарай» кешені – Түркістанның келбетін айқындайтын, келушілер мен қала тұрғындары көп шоғырланатын стратегиялық маңызды аймақтар. «SKGEOKART» ЖШС мамандары осы аумақтардағы жасыл желектердің сапасын арттыруға баса назар аударады. Күтім жұмыстары кешенді сипатта болады. Негізгі атқаратын жұмыстары, газондарды үнемі шабу және пішіндеу. Жасыл көгалдардың біркелкі әрі эстетикалық…
Түркістан қаласында жасөспірімдердің ішкі әлеуетін ашуға және оларды биік мақсаттарға үндеуге бағытталған мазмұнды жүздесу өтті. Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларына арналған ерекше мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Бұл шара – жастардың жеке тұлғалық дамуын қолдау, олардың өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын ояту және бойларына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру жолындағы маңызды қадам болды. Кездесудің басты спикері ретінде «Қазақ аруы» республикалық байқауының финалисі, Түркістан топырағының тумасы Дариға Рахым шақырылды. Өңір мақтанышына айналған ару оқушылармен ашық диалог құрып, үлкен сахнаға дейінгі жүріп өткен жолы мен байқау барысында жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Дариға өз сөзінде сұлулықтың тек сыртқы…
