Ағымдағы жылдың 20-шы маусым күні Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Әмірханұлы Сейсенов өзі басқаратын басқарма атынан Қоян-қолтық ұрыстан Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кубогына қатысатын қызметкерлерге арнап маңызды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, турнирде сәттілік тіледі. Бұл кездесу қызметкерлердің рухын көтеріп, оларды жеңіске жетелеуге бағытталған маңызды қадам болды. Спортпен шұғылданудың төтеншелік қызметкерлер үшін маңызы мен міндеті қатар жүретіні жасырын емес. сСебебі, Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қызметі үнемі физикалық және моральдық шыдамдылықты талап етеді. Спорт, әсіресе қоян-қолтық ұрыс сияқты күрес түрлері, олардың бойындағы дене дайындығын, анығын айтқанда күш, төзімділік, ептілік сияқты физикалық қасиеттерін арттырады. Олар өздерінің рухтық күшін -…
Автор: aimaq_user
Бүгін Шымкентте орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында жоғары оқу орындарында тегін оқуға сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Әскери қызмет барысында жауынгерлік дайындықта жоғары нәтиже көрсеткен 1-2024 шақырылымының 27 сарбазы білім беру гранттарының иегерлері болды деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі. КонкурстықнегіздеіріктеугеШымкентжеделбригадасының300-ден астамәскери қызметшісі қатысты,алайдаолардыңтекүздіктері ғана осымүмкіндіккеие болды. — «Біз әскери қызметшілеріміздің жеке және кәсіби өсуіне барлық жағдай жасауға тырысамыз. Білім беру гранттарын тапсыру — бұл біздің сарбаздарымызға жоғары білікті маман болуға және елдің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін болашаққа салынған инвестиция», — деп атап өтті бригада командирінің орынбасары полковник Багитжан…
2025 жылдың 16-18 маусым аралығында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында маңызды оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл дайындыққа азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысып, азаматтық қорғау саласындағы білімдерін жетілдірді. Мұндай іс-шаралардың маңызы зор, өйткені төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігі мен тіршілігін қамтамасыз етуде санатталған ұйымдардың дайындығы шешуші рөл атқарады. Даярлықтың негізгі мақсаты – санатталған ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілетін арттыру, азаматтық қорғау жүйесінің тиімділігін күшейту. Қазіргі таңда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны артып, олардың зардаптары да ауыр болуда. Осындай жағдайларда ең басты міндет — ұйымдасқан түрде әрекет ету, яғни кез келген…
Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлеріне қойылатын талаптар әрдайым жоғары. Олардың кәсіби біліктілігімен қатар, жеке құрамның тәртіптілігі, заңдылықты сақтауы және моральдық-психологиялық тұрақтылығы аса маңызды. Осы мақсатта Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасындағы №1 және №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында ауқымды тәрбие жұмысы ұйымдастырылып, тәртіп пен заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды тыңдалым өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арасында заң бұзушылықтарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, сондай-ақ қоғамда тәртіпсіздік тудыратын әрекеттердің алдын алу болды. Семинар барысында қызметтік-әскери тәртіптің әртүрлі бағыттары…
Атың барда – жер таны, желіп жүріп» деген қанатты сөз қалай тауып айтылған дейсің ғой, шіркін. Оның үстіне қазіргі кезде дөңгеленген дүниені шыр айналып шығу үшін арып-аршып шаршаудың қажеті жоқ. Жерде – көлік, көкте – ұшақ, суда – кеме, жер астында – метро. Алайда, жол-көлік апаттары көбеймесе, азаяр емес. Әрине, сарапшылар жол бойында кездесетін және жол жүрісі кезіндегі орын алатын небір кемшіліктер мен түрлі келеңсіздікті жою мүмкін емес дейді. Өйткені, жолдағы келеңсіздіктер салдарынан талай жан опат болатын апаттар саны жыл өткен сайын арта түсуде. Сонда еліміздің жолдарында тәртіп мүлдем жоқ болғаны ма? Тәртіп жоқ деп тағы айта алмайсыз. Және күн…
Жазғы демалыс маусымы басталғанда, су айдындарына баратын адамдар саны күрт артады. Өкінішке орай, мұндай демалыс кейде қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Осыған байланысты, су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі жыл сайын өзектілігін жоймайды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту бойынша ауқымды жұмыстарды бастады. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шарафкент ауылындағы Балықты өзені – жергілікті тұрғындар жиі баратын демалыс орындарының бірі. Алайда, бұл өзеннің кейбір аймақтары шомылуға жабдықталмаған және қауіпті болып саналады. Мұндай орындарда су астындағы шұңқырлар, ағыстың жылдамдығы, өткір заттар немесе кенеттен тереңдейтін жерлер болуы…
Жаз мезгілінің келуімен терезелер жиі ашық қалады, бұл үйдегі кішкентай балалар үшін үлкен қауіп тудырады. Балалардың табиғи қызығушылығы, әсіресе олардың әлемді танып-білуге деген құштарлығы оларды ашық терезелерге жақындатып, қауіп-қатерге бейім етеді. Өкінішке орай балалардың терезеден терезеден құлауы сирек кездесетін жағдай емес. Сәбилер танымайтын белгісіз нәрселерге деген қызығушылықтары туындап, қорқыныш дегенді түсінбейді. Көп жағдайда балалар өз бетінше терезенің алдыңғы тақтайына мініп, әр түрлі жиһаздарды пайдаланып, ондағы торға сүйене отырып, терезеден құлайды. Негізгі себеп, балалардың .лкендердің қарауынсыз қалуы. Сонымен қатар, балалардың өз беттерінше терезе алдына шығуға мүмкіндік беретін жиһаздардың дүрыс қойылмауы. Осындай салғырттық пен аңғалдықтың нәтижесінде, бейкүнә сәбилер ажал құшып, қаншама отбасылар…
Анығын айтқанда, даладағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Кейде дала өрттерінің орын алуы құрғақ шөптердің жануынан, яғни кейде найзағайдан да болады, алайда көбінесе адамдардың салғырттығынан орын алып жатады. Неге десеңіз, жаз мезгілінің келуімен табиғатқа шығушылар саны артады, алайда бұл кезеңде орман-дала өрттерінің қаупі де күшейе түседі. Осыған орай, Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі (ТЖБ) аудан тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға және табиғатта өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындауға шақырады. Себебі, бір ғана салғырттық үлкен апатқа себеп болуы әбден мүмкін. Орман-дала өрттерінің басым көпшілігі, яғни 90%-дан астамы адам факторынан туындайды. Өкінішке орай, көптеген жағдайда өрттер адамдардың немқұрайдылығы мен жауапсыздығынан болады. Келес ауданы…
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін еместігін ерекше атап, оның ішінде балық шаруашылығын дамытуға аса мән аудару қажеттігін тапсырған еді. Нәтижесінде мемлекет тарапынан аква өсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шағындарды субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізіп келеді. Осының айғағы мемлекеттік қолдаудан қалыс қалмаған Түркістан облысының балық өндірушілері өнімдерін Әзербайждан, Грузия, Израиль, Ресей, тіпті Қытай және Өзбекстан елдеріне де экспорттап, табыстарын арттырып жатқанынан ақпараттар тарқатылуда. Біздің еліміз балық ресурстарына өте бай… Бұл балық – өңіріміздің экономикалық дамуына, яғни балық шаруашылығының қарқынды өсуіне ықпалы зор. Соңғы уақытта бұл салада көптеген…
Бүгін, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) 112 пультіне Төлеби ауданындағы “Сайрамсу” шыңынан түсу кезінде 5 кәмелетке толған бойжеткеннен тұратын туристік топтың адасқаны туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. Бұл хабарлама ТЖМ қызметкерлерінің жедел жұмылдырылып, таулы аймақтағы іздестіру-құтқару операциясының басталуына себеп болды. Хабар түскен бойда ТЖД-ның білікті құтқарушылар тобы шұғыл түрде оқиға орнына аттанды. Олардың алдында күрделі міндет тұрды: таулы аймақтың қиындығына қарамастан, адасқан бойжеткендерді тез арада тауып, оларды қауіпсіз жерге жеткізу. Құтқарушылар 60 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, Қасқасу ауылынан 8 шақырым қашықтықта адасқан туристерді тапты. Бұл қашықтық пен жер бедерінің күрделілігі құтқарушылардың кәсіби шеберлігі мен физикалық дайындығын талап ететінін көрсетеді.…
