Биыл 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығарылғанына 37 жыл толады. Бұл — әскери және интернационалдық борышын абыроймен атқарған жауынгерлерге құрмет көрсететін маңызды тарихи күн.
Атаулы күн аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде жеке құрамның ауған соғысының ардагері, бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы аға прапорщик Владимир Иванович Самарскиймен кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, әскери қызметшілерді әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызды бөлігіне айналды.
Кездесудің негізгі мақсаты — тарихи жадыны сақтау, жас ұрпақтың әскери қызметке, әскери борышқа және Отан қорғау жолында өмірін арнаған азаматтарға деген құрметін қалыптастыру.
Кездесу барысында Владимир Иванович қызмет еткен жылдарынан естеліктерімен бөлісіп, әскери бауырластықтың, өзара қолдаудың және тәртіптің маңыздылығын атап өтті. Ардагер ұрыс қимылдарға емес, әскер қатарында қалыптасатын адами құндылықтарға — антқа адалдыққа, жолдастарға құрмет көрсетуге, шешім қабылдай білуге және сол шешімдер үшін жауапкершілік көтеруге ерекше назар аударды. Оның айтуынша, дәл осы қасиеттер адаммен өмір бойы бірге болып, қоғам мен мемлекетке адал қызмет етуге көмектеседі.
— «Әскер ең алдымен адам болуды, өз іс-әрекетіне жауап беруді және қасындағы жолдастарын ешқашан қиын жағдайда қалдырмауды үйретеді. Бұл қағидалар өмір бойы бізбен бірге болып, бейбіт уақытта да Отанға қызмет етуге жол ашады», — деп атап өтті ардагер.
Бүгінгі таңда әскери қызметтің маңызы туралы айта отырып, Владимир Иванович әскери қызметшілердің рухани-адамгершілік тұрғыда даяр болуының, ел қауіпсіздігі мен азаматтардың тыныштығы үшін жауапкершілікті терең сезінуінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Әскери бөлімнің жеке құрамы ардагердің әңгімесін үлкен ықыласпен тыңдап, өмірлік ұстанымдар, әскери бауырластық және Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі жөнінде сұрақтар қойды. Кездесу көптеген жас сарбаздар үшін нағыз патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымның айқын үлгісіне айналды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы
«Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі
Диалог поколений: гвардейцы встретились с ветераном афганской войны в Шымкенте
В этом году 15 февраля исполняется 37 лет со дня вывода советских войск из Демократической Республики Афганистан — памятная дата, символизирующая уважение к воинам, с честью исполнившим свой воинский и интернациональный долг.
В рамках памятных мероприятий в воинской части 6506 Национальной гвардии МВД Республики Казахстан состоялась встреча личного состава с ветераном афганской войны, председателем совета ветеранов части, старшим прапорщиком в отставке Владимиром Ивановичем Самарским. Мероприятие прошло в формате открытого диалога и стало важной частью военно-патриотического воспитания военнослужащих.
Основной целью встречи стало сохранение исторической памяти и формирование у молодого поколения уважительного отношения к службе, воинскому долгу и людям, посвятившим свою жизнь защите Родины.
В ходе беседы Владимир Иванович поделился воспоминаниями о годах службы, рассказал о значении армейского братства, взаимовыручки и дисциплины. Особое внимание ветеран уделил не боевым действиям, а человеческим ценностям, которые формируются в армии: верности присяге, уважению к товарищам, умению принимать решения и нести за них ответственность. По его словам, именно эти качества остаются с человеком на всю жизнь и помогают достойно служить обществу и государству.
— «Армия учит главному — быть человеком, уметь отвечать за свои поступки и никогда не подводить тех, кто рядом. Эти принципы остаются с нами на всю жизнь и помогают служить своей Родине и в мирное время», — подчеркнул ветеран.
Говоря о значении военной службы сегодня, Владимир Иванович отметил важность духовной и нравственной подготовки военнослужащих, осознания ими своей ответственности за безопасность страны и спокойствие граждан.
Военнослужащие воинской части с большим вниманием отнеслись к рассказу ветерана, задавали вопросы о жизненных принципах, армейском братстве и роли Национальной гвардии в обеспечении общественной безопасности. Для многих молодых солдат встреча стала наглядным примером подлинного патриотизма и активной гражданской позиции.
Пресс-служба РгК «Оңтүстік»
Национальной гвардии МВД РК

