Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен салаға жауапты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде аудан 4 (төрт) мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен алдағы кезеңге қойылған нақты міндеттерді таныстырды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов бөлім басшылары мен ауыл округтері әкімдеріне белгіленген басым бағыттар бойынша нақты іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді, көрсеткіштердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

