Бүгін Сайрам ауданының әкімі М.Мұхтарұлының төрағалығымен инвестиция тарту мәселелері бойынша жиын өтті. Жиында 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
2025 жылға негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 170 млрд теңге болып жоспарланған. Дегенмен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 181,5 млрд теңгеге жетіп, жылдық жоспардан 11,5 млрд теңгеге немесе 6,8 пайызға артық орындалды.
2025 жылы аудан көлемінде 16 инвестициялық жоба іске қосылып, 570 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде:
Өңдеу өнеркәсібі саласында – 4 жоба, ауыл шаруашылығы саласында – 3 жоба, шағын және орта кәсіпкерлік саласында – 6 жоба.
2026 жылы аудан аумағында жалпы құны 161,2 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2 408 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін болады.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

