Республикалық «Ақылдым» балалар журналы мен «Ақсұңқар» өнер және шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық көркемсөз оқу байқауының облыстық кезеңі 29 қараша күні Түркістан қаласында өтті.
Аталған іс-шараға С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрғали Манат Нұрғалиқызының жетекшілік етуімен 7 «Ә» сынып оқушысы Абилда Марал Ердаулетқызы қатысқан еді.
Абилда Марал Ердаулетқызы Алматы қаласында өткен республикалық байқауда I орынды жеңіп алып, мектеп пен өңір мерейін үстем етті. Ол көркемсөз оқу өнерінде Абайдың асыл сөзін жүрекпен сезініп, оны тыңдарманның жүрегіне жеткізе білген талабымен, сөз мәнерлілігі мен шеберлігі өзгелерден дара болды.
Осы қабілетінің арқасында ол облыстық кезеңде ІІ орын дипломымен марапатталып, өнер ордасы саналатын Алматы қаласында 16 қараша күні өтетін республикалық деңгейдегі байқауға лайықты жолдама алған болатын. 16 қараша күні Алматы қаласында өткен республикалық Абай оқулары байқауы Марал үшін нағыз шеберлік сынағы болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты қатысушылар арасында Абилда Марал өзінің табандылығын, білімге деген құштарлығын және әдебиетке деген сүйіспеншілігін тағы да дәлелдеді.
Қазылар алқасының жоғары бағасын иеленіп, жүлделі І орынды жеңіп алған Марал, бұл жеңісімен өзінің көркемсөз оқу шеберлігінің шыңына жеткенін көрсетті. Бұл жеңіс оған бұдан да ауқымды мәртебелі байқау – «Қазақ авторлары» халықаралық көркемсөз байқауына қатысуға жолдама әперді.
Шәкіртінің талабын шыңдап, әдебиет әлеміне жол сілтеген жетекшісі Нұрғали Манат Нұрғалиқызы да бұл жеңіске қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марал, көркемсөз оқу өнерінде Абайдың асыл сөзін жүрекпен сезініп, көрерменнің жүрегіне жеткізіп, ерекше таланты мен сөз мәнерлілігімен көзге түсіп, 2 орын дипломымен марапатталып, өнер ордасы Алматы қаласында 16 қараша күні өтетін республикалық деңгейдегі байқауға жолдама алған болатын.
Алматы қаласында 16 қарашада өткен республикалық Абай оқулары байқауында жүлделі І орын жеңіп алып, «Қазақ авторлары» халықаралық көркемсөз байқауына жолдама жеңіп алса, осы жеңісте шәкіртінің талабын шыңдап, жол сілтеген жетекшісі де құрмет грамотасымен марапатталды.
Абилда Маралдың республикалық байқаудағы І орыны – бұл тек мектептің ғана емес, бүкіл өңірдің абыройын асқақтатқан үлкен жеңіс. Алдағы уақытта Марал «Қазақ авторлары» халықаралық көркемсөз байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Мектеп ұжымы Маралға алда болатын халықаралық «Қазақ авторлары» көркемсөз байқауында зор табыс пен сәттілік тілеп, оның биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреді.
Маралдың жеңісі білімге деген құштарлығы, табандылығы, әдебиетке деген сүйіспеншілігінің жарқын нәтижесі. Осындай ізденімпаз, дарынды шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Алдағы сәттілік серік болып, биік белестерден көріне бер!
Бұл – тек мектептің емес, өңіріміздің абыройын асқақтатқан үлкен жеңіс!

