Түркістан қаласысының №34 жалпы білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларының арасында АИТВ/ЖИТС-тың, жұқпалы аурулардың алдын алу және жыныстық гигиена тақырыптарына арналған маңызды да, интерактивті семинар болып өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығына деген саналы көзқарасын қалыптастыру және оларды өмірге жауапкершілікпен қарауға шақыру болды.
Семинарға арнайы қонақ ретінде Түркістан облысының «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК маманы Кенжегулов Марат Ануарұлы қатысты. Марат Ануарұлы оқушыларға АИТВ/ЖИТС-тың таралу жолдары, алдын алу шаралары және бұл дерттің қоғамдағы өзектілігі туралы толыққанды ақпарат берді. Ол өзінің біліктілігі мен тәжірибесіне сүйене отырып, жұқпалы аурулардың алдын алудың қарапайым, бірақ тиімді әдістерін түсіндірді.
Семинар барысында оқушыларға гигиеналық дағдылардың маңызы, әсіресе жыныстық гигиена мәселелері жіті түсіндірілді. Бұл тақырыптар жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудағы өте маңызды қадам болып табылады.
Шараның интерактивті форматы оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Олар өздерін мазалаған сұрақтарды ашық қойып, маманнан толық жауаптар алды. Мұндай формат жастардың күрделі тақырыптарды жақсы меңгеруіне және ақпаратты тереңірек түсінуіне септігін тигізеді.
Семинардың басты идеясы – салауатты өмір салтын насихаттау және өмірге жауапкершілікпен қарау керектігін ескерту болды. Маман оқушыларға өз денсаулығына немқұрайлы қарамауды, шешім қабылдауда сақ болуды және болашақ өмірі үшін жауапкершілік алуды үндеді. Өйткені, әрбір қадам, әрбір таңдау – олардың болашақ денсаулығы мен сәттілігіне тікелей әсер етеді.
Бұл семинар №34 мектептің оқушылары үшін тек білім беру шарасы ғана емес, сонымен қатар, өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдауға бағыттайтын баға жетпес сабақ болды. Мектеп әкімшілігі мен «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде, оқушылар өздерінің жеке денсаулығына және айналасындағы адамдардың денсаулығына деген жауапкершілігін сезіне түсті. Осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса, жастардың өмірлік дұрыс таңдау жасауына көмегі мол болары анық.

