Рухани астанамыз – Түркістан қаласының экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығы халықаралық деңгейде танылып келеді. Бұған дәлел – жақында өткен халықаралық инвестициялық форумға Үрімші қаласынан арнайы келген қонақ, табысты кәсіпкер Жанар Жұмабайдың өңірге деген жоғары қызығушылығы.
Жанар Жұмабай – Қазақстанның ұлттық мәдениетін заманауи бизнеспен ұштастырған кәсіпкер. Ол қазақтың ұлттық нақыштарымен безендірілген тұрмысқа қажетті киімдер мен жоғары сапалы «Парасат» брендімен аяқ киімдер шығаруды қолға алған. Оның бұл өнімдері қазақ халқының дәстүрін дәріптей отырып, қазіргі сән үлгісіне сай келеді.
Халықаралық форумда сөз алған кәсіпкер Түркістанның экономикалық өсу қарқынына, логистикалық әлеуетіне және ең бастысы, қазақ мәдениетінің орталығы болуына айрықша мән берді.
Кәсіпкер Жанар Жұмабай Түркістан қаласын өзінің бизнесін кеңейтуге ең қолайлы аймақ деп санайтынын жеткізді. Ол өңірдегі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, ұлттық өнімдерді өндіруді қолға алуға дайын екенін мәлімдеді.
Түркістан – Қазақ хандығының тарихи орталығы. Бұл орталық ұлттық нақыштағы киімдер мен аяқ киімдерді шығаратын «Парасат» бренді үшін таптырмас маркетингтік және идеологиялық тұғыр болып табылады.
Өңірлік әкімдік тарапынан инвесторларға жасалатын жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары шетелдік кәсіпкерлер үшін тартымды.
Түркістанның жаңа облыс орталығы ретіндегі жылдам дамуы жаңа тұтынушылар нарығын қалыптастырып қана қоймай, Орталық Азия елдеріне шығуға мүмкіндік береді.
Жанар Жұмабайдың өңірге келіп, өндірісті бастауға деген ықыласы – Түркістанның тек туристік ғана емес, ірі өндірістік-инвестициялық орталық ретінде қалыптасып келе жатқанының нақты белгісі. «Парасат» сияқты ұлттық брендтің Түркістанда ашылуы жергілікті экономикаға бірнеше артықшылықтар береді. Нәтижесінде, өндірістік орындардың ашылуымен қала тұрғындары жұмыспен қамтылады. Жергілікті өндіріс арқылы сапалы қазақстандық өнімдер нарыққа шығып, импортқа тәуелділік азаяды. Түркістан қаласы «Made in Kazakhstan» ұлттық брендін дамытуға үлес қосады.
Жанар Жұмабайдың қазақстандық кәсіпкерлермен бірлесіп кәсіп бастауға дайын екенін жеткізді. Өңірдегі бизнес өкілдері үшін үлкен мүмкіндік. Бұл ынтымақтастық өзара тәжірибе алмасуға және өндірістік қуатты арттыруға жол ашады.

