Түркістан қаласының басшысы Әзімбек Пазылбекұлы қаланың эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың жайлылығын арттыру мақсатында алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жоспарланған бірқатар құрылыс, абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың дайындығымен танысу үшін нысандарды аралады. Бұл аралау жұмысы қала басшылығының Түркістанды заманауи әрі жайлы мегаполиске айналдыруға деген ұмтылысын айқындайды.
Қала басшысы ең алдымен М.Пошанов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жобасымен танысты. Аула – тұрғындардың, әсіресе балалардың, күнделікті демалыс ортасы. Сондықтан Әзімбек Пазылбекұлы аула аумағын әрлеу, жарықтандыруды жаңарту, балалар ойын алаңын толық жаңғырту және көгалдандыруды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қала басшысы жауапты мамандарға тұрғындардың ұсыныстарын толық ескерген, жан-жақты жоба әзірлеуді тапсырды. Ауланың қауіпсіздігі мен таза аймақ болуы бірінші кезекте тұруы керектігі қатаң айтылды. Бұл – қалалық ортаны жоспарлауда халықтың мүддесін басты орынға қоюдың жарқын көрінісі.
Абаттандыру бағытындағы келесі маңызды нысан – Усманов көшесіндегі аллея аумағы болды. Аллеялар – қалалық демалыс орындарының негізі. Қала басшысы бұл демалыс аймағының бірнеше талапқа сай болуын міндеттеді, яғни тұрғындарға ыңғайлы орындықтар, тазалық және көлеңкелі аймақтар болуы және түнгі жарықтандырудың жоғары деңгейі және қозғалыс қауіпсіздігі.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өз кезегінде мамандарға бұл жерге арналған біртұтас концепциясын әзірлеп, қажетті техникалық құжаттамаларды жедел дайындау жүктелді. Қаланы дамытудағы ең прогрессивті бастамалардың бірі — Кентау тас жолы бойына веложол салу ұсынысы болды.
Қала басшысы бұл жобаның екі маңызды мақсатын атап өтті. Біріншіден, экологиялық мәдениетті арттыру, автокөліктерге балама ретінде велосипедті пайдалануға жағдай жасау. Екіншіден, тұрғындар үшін қаладағы қозғалудың жаңа, қауіпсіз бағытын қалыптастыру.
Демек, жауапты мамандарға жобаны әзірлеу кезінде тек жолдың өзін ғана емес, оған қажетті инфрақұрылым мүмкіндіктерін (мысалы, велопарковкалар) және ең бастысы, қауіпсіздік талаптарын толық ескеру тапсырылды.
Жаяужол – бір бөлек, веложол – бір басқа! Сіз автомобиль тасжолымен жаяу жүресіз бе, осы? Жоқ, әрине. Басын бәйгеге тігіп, өз өміріне ешкім қауіп төндіргісі келмейтіні анық. Бұл – табиғи рефлекс. Ал заңдық тұрғыдан мұндай әрекет – жол жүру тәртібін бұзу болып есептеледі. Оны да жақсы білесіз. Ол үшін қанша айыппұл жазылатынынан және хабардар боларсыз.
Осының бәрін түсініп, түйсінсе де көп адам неге екенін қайдам, веложолдарға пысқырмайтындай. Қою қызыл түске боялып, жиектері ақ жолақпен сызылған жолдардың велосипедті көлік еткендерге арналғанын олар білмейді емес, біледі. Оның бойында орнатылған арнайы белгілерді, жолдың өзіне салынған велосипедтің суретін қасақана елемейтіндей. Сол қызыл түсті жолда жылдамдығын белгілі бір деңгейге дейін үдете алатын көлік құралы жүретінін ұққысы да келмейді.
ҚР Жол жүру ережелеріне сәйкес, онда тек велосипедпен ғана емес, мопедпен де жүруге болады. Енді ойлаңызшы, осындай көліктердің жолына тұрып алу немесе жүру неге әкеліп соғуы мүмкін? Ал бесік арбамен жүрсеңіз ше?..
Қай тараптың да абай болғаны дұрыс. Бірақ, дәл веложолда велосипедшілер айрықша құқы барын жаяу жүргіншілердің ұмытпағаны абзал.
Велосипедті көлік еткендердің діттеген жеріне еш кедергісіз әрі кептеліссіз тезірек жетуіне мүмкіндігі бар. Оның үстіне бұл – экологиялық транспорт түрі. Сосын велосипедтің денсаулыққа да пайдасы зор екенін естен шығармағаныңыз абзал.
Түркістан қаласының көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның негізі — қала аумағын көгалдандыруды қамтамасыз ететін арнайы тұқымбақ. Бұл тұқымбақта ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптауға арналған арнайы жылыжайлар қарастырылған.
Жылыжайларда көшеттердің сапалы өсуіне қажетті агротехникалық талаптар қатаң сақталып, жыл он екі ай бойы үздіксіз өсіру үрдісі жүргізіледі. Өскіндер қажетті деңгейге жеткен соң қала көшелеріне, саябақтар мен аллеяларға отырғызылып, абаттандыру жұмыстарына пайдаланылады. Бұл — қаланың жасыл желек қорын өз күшімен толықтыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс.
Қазіргі таңда топырақтың құнарлылығын арттыру үшін арнайы көңмен байытылған құм төселуде. Бұл шаралар егілетін өсімдіктердің жақсы өсуіне және қала экожүйесінің жақсаруына ықпал етеді. Жақын арада бұл аумаққа мекеменің жылыжайында бапталған көпжылдық гүлдер отырғызылмақ. Сондай-ақ, қала көлемінде арық жүйелерін тазалау және көгалдарды күтіп-баптау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.
Түркістан қаласын абаттандыру және көркейтуге ерекше мән берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы экономиканы одан әрі нығайту, қоғамдық сананы жаңғырту бойынша алдымызға жаңа міндеттер жүктегені белгілі. Бұл ретте, қаланы одан әрі дамытудың басты кепілі азаматтардың, яғни, әрбір тұрғынның табысы мен өмір сапасының жақсаруы – басты міндет. Сондықтан да, атқарылатын жұмыс толастамайды. Себебі, тазалық пен көгалдандыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сонымен, қала тұрғындарын табиғатты аялауға, айналаны таза ұстауға және экологиялық шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!
Аралау қорытындысында қала басшысы барлық ұсынылған жобалардың сапалы жоспарланып, белгіленген талаптарға сай, ең бастысы, тұрғындар үшін максималды қолайлы орындалуы қажет екенін баса айтты. Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы әзірленген жобаларды қоғаммен талқылау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Себебі, тұрғындардың қатысуы мен пікірі ең үздік әрі функционалды қалалық ортаны қалыптастырудың негізгі кілті болып табылады.

