Әлемді ізгілік пен мейірімділік құтқарады десек, сол ізгіліктің алдыңғы шебінде жүрген жандар – еріктілер екені даусыз. 5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне орай Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығында мерекелік салтанатты жиын өтті. Бұл шара қоғам игілігі үшін тер төгіп, қайтарымсыз көмек беруді өмірлік мұратына айналдырған жастардың еңбегін ұлықтауға арналды.
Мерекелік шараның ашылуында еріктілер қозғалысының қоғамдағы рөлі туралы мазмұнды баяндамалар жасалып, видеороликтер көрсетілді. Еріктілік – бұл жай ғана бос уақытты өткізу емес, бұл – мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір. Еріктілік – биік азаматтық ұстаным.Түркістандық еріктілер жыл бойы өткен қайырымдылық акцияларында, экологиялық сенбіліктерде және қалалық деңгейдегі ауқымды форумдарда өздерінің жауапкершілігі мен отансүйгіштігін дәлелдей білді.
Еріктілік қызмет — бұл еліміздің түрлі бағыттарда дамуына ықпал ететін, сондай-ақ біздің үкімет құруға тырысып жатқан тұрақты және ынтымақты қоғамды құруға көмектесетін маңызды бағыт. Ерікті бастамалар — Қазақстан үшін өте өзекті тақырып десек артық айтпаймыз. Қазіргі уақытта елімізде волонтерлік қызмет дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазақстандықтарға, әсіресе жас ұрпаққа қоғам игілігі үшін ерікті еңбек әркімге қажет және бүкіл елдің табысты өмірінің бір үзігі болып табылатыны туралы түсінік қалыптаса бастады.
Бүгінгі күні еріктілік қызмет танымалдылықтың ұшар шыңына көтерліп, белсенді азаматтар бастамашыл топтарға бірігіп немесе жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне атсалысып, қандай да бір көмекке мұқтаж балалар үйлеріне, мамандандырылған медициналық мекемелерге және панасыз бүлдіршіндерге ерікті және өтеусіз көмек көрсетіп келеді.
Еріктілердің күш-жігер әлі күнге дейін үзік-созық сипатта және жүйелі тәсіл, Түркістан қаласының азаматтары елдің қайырымдылық және әлеуметтік өміріне белсене атсалысып, үн қосуда. Бұған спорттық жарыстарды, қайырымдылық марафондарын, ауыр науқасқа шалдыққан балаларды қолдау бағдарламаларын, балалар үйлері мен онкологиялық бөлімшелерде іске асырылатын жобаларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын еріктілердің қатары арта түскендігі дәлел.
Марапат – шынайы еңбектің өтеуі демекші, жиынның ең толқынысты сәті – марапаттау рәсімі болды. Жыл бойы ерекше белсенділік танытып, қиын сәттерде халықтың қасынан табылған еріктілерге құрмет көрсетілді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, әлеуметтік көмек көрсетуге атсалысқан жастарға Алғыс хаттар табысталды. Еріктілер қозғалысын дамытуға ерекше үлес қосқан үздік көшбасшыларға арнайы марапаттар берілді.
Марапат иелерінің қатарында студенттер де, жұмысшы жастар да, тіпті ардагер еріктілер де болды. Бұл еріктілік мектебінің жас талғамайтындығын және ортақ мақсат жолында халықтың бірлігін тағы бір мәрте паш етті.
Еріктілер – ізгіліктің жарқын үлгісі. Олар өзгенің қуанышына қуанып, қайғысына ортақтаса білетін үлкен жүректі жандар. Шара барысында сөз алған қонақтар еріктілердің бастамалары әрдайым жоғары бағаланатынын және мемлекет тарапынан қолдау табатынын атап өтті.
«Ерікті болу – өз жүрегіңнің қалауымен биік белестерді бағындыру. Сіздердің әрбір жасаған игі істеріңіз қоғамымыздың мейірімдірек әрі қауіпсіз болуына септігін тигізеді», – деді ұйымдастырушылар.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, жастар өзара тәжірибе алмасты. Алдағы уақытта еріктілер қозғалысының аясын кеңейту, жаңа жобаларды қолға алу және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты нығайту жоспарлары талқыланды.
Қорытындылай келе, барша еріктілерді мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздердің таусылмас энергияларыңыз бен адал еңбектеріңіз жаңа табыстарға жетелей берсін. Еліміздің гүлденуі жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын!

