Түркістан қаласында шетелдік инвесторларға арналған бай мәдени бағдарлама ұйымдастырылды
Тарқатып айтар болсақ, тарихи қаласыда өткен «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында өңірге келген шетелдік инвесторларға қаланың тарихи-мәдени әлеуетін жан-жақты таныстыру мақсатында арнайы мәдени бағдарлама ұсынылды.
Түркістан қаласының инвестиция тартудағы басты басымдықтарының бірі – оның ерекше туристік әлеуеті екені белгілі. Қаланың бай тарихи мұрасы, мәдени орталықтары және Қожа Ахмет Ясауи кесенесін айнала қалыптасқан жаңа туристік бағыттар шетелдік қонақтардың ерекше қызығушылығын тудыруда.
Форум аясында келген делегация өкілдері мен инвесторларға қазақ халқының мәдениеті тереңінен таныстырылды. Мәдени бағдарлама Этноауыл аумағында басталып, қонақтарға ұлттық тұрмыс пен мәдени құндылықтарды көрсететін интерактивті қойылымдар ұсынылды. Атап айтқанда, қазақ халқының өмір салты мен дәстүрлі тұрмысының көріністері мен дәстүрлі өнер түрлері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі және ұлттық тағамдарды әзірлеу үдерісінің көрсетілімі кеңінен таныстырылды.
Шетелдік қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрінен хабардар болып, оның бірегей мәдениетіне тәнті болды. Одан әрі мәдени бағдарлама Қолөнершілер орталығында жалғасты. Мұнда инвесторлар өңірдің дәстүрлі қолданбалы өнерімен танысып, қазақ шеберлерінің еңбегін өз көздерімен көрді. Инвесторларға, зергерлік бұйымдарды жасау, ағаш ою өнері, тері өңдеу және керамика бұйымдары және киіз бұйымдарын жасау үдерістері көрсетілді.
Шеберлер әр туындының жасалу технологиясы мен тарихи ерекшеліктері туралы толық ақпарат беріп, қазақ қолөнерінің терең тарихы мен маңыздылығын паш етті.
Қорытындылай келе, бұл мәдени бағдарлама Түркістанның рухани және тарихи мұрасын жан-жақты таныстыруға, сондай-ақ өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді қадам болды. Сондай-ақ өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталды. Мұндай іс-шаралар арқылы шетелдік инвесторлардың өңірге деген сенімі мен қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.

