Бүгін Түркістан қаласының жаңа қала аумағында жылу жүйесіне жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жылу берілу жүйесін пайдалануға дайындық — сала мамандарының сенімді жұмысы үшін маңызды кезең.
Неге десеңіз, қыс мезгілінде үйде комфорттық жағдайларды қамтамасыз ету үшін жылу беру жүйелері маңызды бөлімдердің бірі болып табылады.
Суық мезгілде тұрғындарды сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету – коммуналдық қызметтердің басты міндеті. Осы мақсатта бүгін Жаңа қала аумағында жылу жүйесінің тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін «Жылу МКК» мекемесінің мамандары жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізді.
Бұл шара жылу беру маусымының ортасында жүйеде туындауы мүмкін ақауларды алдын ала жоюға және әрбір пәтердегі жылу температурасының белгіленген стандарттарға сәйкес болуын реттеуге бағытталған. «Жылу МКК» мекемесінің білікті мамандары көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, кешенді тексерулер жүргізді. Профилактикалық жұмыстар барысында жылу жүйесінің ішкі параметрлеріне ерекше назар аударылды. Жүргізілген негізгі жұмыстар бағытында жылыту жүйесінде жиналып қалған ауа айналымды бұзып, кейбір батареялардың толық жылынбауына себеп болады. Тексеру барысында мамандар арнайы клапандар арқылы жүйедегі ауаны толығымен шығарды. Бұл шара жылу тасымалдағыштың (судың) кедергісіз айналуын қамтамасыз етеді. Пәтерлердегі жылыту батареяларының температура деңгейі тексеріліп, орталық жылу қазандығынан берілетін жалпы температура режиміне сәйкес реттелді. Бұл кейбір тұрғын үйлердегі жылудың біркелкі таралуына кепілдік береді. Әрбір пәтердегі жылудың нақты көрсеткіштері өлшеніп, талапқа сай болуы қамтамасыз етілді.
Профилактикалық жұмыстар тек техникалық шаралармен шектелмеді. Мамандар тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың өтініштері мен сұрақтары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарды жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қатысты қарапайым ережелермен таныстыру (мысалы, батареяны өз бетінше бұғаттамау, ауаны шығару тәсілдері). Сапаны қамтамасыз ету, тұрғындардан кері байланыс алу арқылы жылу беру сапасының талапқа сай екенін нақтылау. Ақауларды тіркеу, жеке пәтерлердегі жылудың жетіспеушілігі туралы жедел ақпараттарды тіркеп, оларды тез арада жою жоспарын құру.
Жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуі жылу беру жүйесінің сенімділігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Жүйедегі ауаны уақытылы шығару және кішігірім ақауларды реттеу ірі авариялардың алдын алады. Жылудың біркелкі таралуы жылу энергиясын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, яғни жүйе жоғары қуатта жұмыс істемей, ресурстар үнемделеді. Әрбір пәтердің қажетті температурамен қамтылуы тұрғындардың қысқы кезеңдегі жайлылығы мен денсаулығын қамтамасыз етеді.
Жалпы, қыс мезгілінің басталуына дейін жылу беру жүйесін (ЖБЖ) мұқият тексеріп, дайындау — үйіңіздегі жайлылық пен қауіпсіздіктің кепілі. Уақытылы жүргізілген дайындық жұмыстары жүйе ақауларының алдын алып, жылу шығынын азайтады және қысқы суықта төтенше жағдайлардың туындау қаупін болдырмайды.
ЖБЖ-ні дайындаудың бірінші және ең маңызды қадамы — оның барлық компоненттерін, оның ішінде қазандықты, котелды толық тексерудің қажеттілігі орасан. Газды немесе сұйық отынды қазандықтардағы жану камерасы мен жылу алмастырғышты күйеден және шөгінділерден тазалау қажет. Бұл қазандықтың жылу беру тиімділігін арттырады. Электр қазандықтарында жылыту элементтерін (ТЭН) тексеру маңызды.
Түтін мұржасының тазалығын және тартылымын тексеру улы газдың жиналу қаупін болдырмау үшін өте маңызды. Желдету жүйесінің дұрыс жұмысын қамтамасыз етіңіз. Температура реттегіштерінің, қысым датчиктерінің және апаттық қауіпсіздік клапандарының жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу керек. Құбырлардың қосылыс орындарын, крандарды және радиаторларды ағып кету белгілеріне тексеру. Әдетте, бұл тексеру жүйеге қысым берілген (опрессовка) кезде жүргізіледі. Радиаторларда жиналған ауаны шығару үшін Майевский крандарын (ауа шығарғыш) қолдану. Жүйедегі ауа жылудың біркелкі таралуына кедергі келтіреді.
Көптеген үйлерде жылу таратқыш ретінде тазартылған су қолданылады. Алайда, үй уақытша жылытылмайтын болса, антифризді (мұздамайтын сұйықтық) қолдану құбырлардың тоңып жарылуынан сақтайды. Егер антифриз қолданылса, оның қазандық үлгісіне сәйкес келетініне және оның концентрациясының дұрыс екеніне көз жеткізу қажет. Жүйені баяу, тұрақты қысыммен толтыру, әсіресе жоғарғы нүктелерде ауаның жиналмауын қадағалау қажет.
Жоғарыда айтылған ескертпелерді назарға алып, жылу беру жүйесін пайдалануға дайындау — бұл бір реттік шара емес, жыл сайынғы және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс процесс.
Жүйенің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді тексеру мен реттеу жұмыстарын уақытылы жүргізу — қысқы мезгілде үйіңіздегі комфорт пен тыныштықтың негізі «ЖЫлу МКК» мекемесінің мамандары бұл сияқты профилактикалық жұмыстарды жылу беру маусымы бойы жүйелі түрде жалғастыратынын және әрбір тұрғынның жылумен толық қамтылуын бақылауда ұстайтынын жеткізді.

