Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Шауғар» секторының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізіп, қаланың инфрақұрылымын және әлеуметтік ортасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды жан-жақты таныстырды. Бұл ашық диалог тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдауға және өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған қала басшылығының тиімді жұмыс форматы болып табылады.
Қала әкімі тұрғындармен тікелей сөйлесіп, инфрақұрылым, инженерлік желілерді дамыту, әлеуметтік нысандарды салу және қоғамдық орта сапасын арттыру мәселелері бойынша есеп берді.
Кездесуде Әзімбек Пазылбекұлы мамыр айында өткен алдыңғы жиында көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталды. Алдыңғы кездесуде «Шауғар» секторынан барлығы 23 мәселе көтерілген болатын. Оның 19-ы заң аясында толық түсіндіріліп, қалған 4 мәселе толықтай шешімін тапты. Бұл көрсеткіш жергілікті биліктің тұрғындар өтініштеріне жедел ден қойып, орындалуын қадағалап отырғанын көрсетеді.
«Шауғар» секторының тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі – инженерлік желілерді сапалы қамтамасыз ету. Ауыз суға қосылу деңгейі бүгінде 99,5 пайызды құрайды, бұл сектордың тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтудың жоғары деңгейін көрсетеді. Кәріз жүйесімен қамту бағытында үш ірі жоба іске асырылуда. Нақтырақ айтқанда, Тәуке хан даңғылынан вокзал аумағына дейінгі көшелерді кәріз жүйесіне қосу 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланып отыр. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жол инфрақұрылымы мен қоғамдық орындарға ерекше көңіл бөлінген. Сектордағы жолдарды жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы 36 көшеге асфальт төсеу жоспарланса, бүгінгі таңда 23 көшеде жұмыстар толық аяқталып, 13 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Келесі жылғы жоспар бойынша 2026 жылы тағы 67 көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген.
Бүгінгі күнге көшелердің 98 пайызы жарықтандырылған, бұл қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады. Биыл «Шауғар» секторында 3 жаңа ойын және спорт алаңы салынды. Абылай хан көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласы толық абаттандырылды. Төле би – Сабырханов көшелерінің қиылысындағы МАФ (шағын архитектуралық формалар) орнату жұмыстары 95 пайызға орындалды. Ш.Ниязов көшесіндегі жабық стадион құрылысының да 95 пайызы аяқталды.
Қоғамдық көлік бағыттары тұрақты қызмет көрсетуде. Биыл қала аумағына 16 жаңа автобус әкелініп, бірнеше бағытқа қосымша көліктер енгізілді. Жыл басынан бері секторда 42 жаңа аялдама орнатылды, бұл тұрғындардың қоғамдық көлікті пайдалануына жайлылық туғызады. Кездесу соңында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әкім әрбір өтініш назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен міндетті түрде шешілетінін атап өтті. Бұл жергілікті билік пен халық арасындағы сенімді нығайтудың маңызды көрсеткіші. Ия, «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. » деген Мемлекет басшысының сөзін жадында сақтап, санасына құйып алған Жандос Қалмырзаұлының бойға сіңген жағымды қасиеті жайында айту, артықтық етпейді. Шын мәнінде, бұл жалпы көзқарасты барлық деңгейдегі әкімдер ұстануы керек. Нағыз әкім-бұл адамдарды ортақ мақсаттарға жетуге жұмылдыратын және жетелейтін тұлға.
Қорытындылай келгенде, Түркістан қаласының әкімі тұрғылықты азаматтарын жеке қабылдауы – бұл тек мәселелерді шешуге бағытталған технократтық әрекет емес, сонымен бірге биліктің өз халқына жақындығын, әлеуметтік жауапкершілігін және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына жергілікті деңгейдегі одақтығын көрсететін идеологиялық тұғыр. Мұндай тиімді байланыс – халықтың мәселелерін уақтылы шешуге және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін демократиялық механизмнің өзегі. Жеке қабылдау институты – биліктің әрдайым халықпен бірге екенін және олардың мұң-мұқтажын терең түсінетінін дәлелдейді.

