Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының Яссы секторы тұрғындарымен кезекті диалогы басталды. Бүгінгі халықпен көшпелі кездесулер сериясы қаланың ірі бөліктерінің бірі – Яссы секторының тұрғындарымен жалғасты. Бұл жиын қала басшылығының халықпен тікелей байланыс орнатып, жергілікті мәселелерді жедел шешуге деген ұмтылысын айқындары сөзсіз.
Кездесу барысында қала әкімі сектор аумағында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты баяндама жасап, тұрғындардың жаңадан түскен өтініш-ұсыныстарын мұқият тыңдады.
Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы бұған дейінгі Яссы секторы тұрғындарымен өткен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталды. Бұл транспаренттілік пен есеп берудің маңыздылығын айқындап қана қоймай, жалпы көтерілген 23 мәселенің бүгінгі күнг дейін 8-і дер кезінде толық шешімін тапқаны жүйелілік пен іскерліктің басымдығына бейімделгенін көрсетеді. Қалған 15 мәселе кезең-кезеңімен және заң аясында жүзеге асырылу үстінде. Бұл, әсіресе, ірі инфрақұрылымдық және құжаттамалық сипаттағы жұмыстар екені айтылды.
Яссы секторындағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – басым бағыттардың бірі. Бұл тұрғыда айтарлықтай жетістіктер бар. Бүгінде Яссы мөлтек ауданындағы ауыз сумен қамту деңгейі 99,5 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш тұрғындардың таза суға қолжетімділігінің өте жоғары екенін көрсетеді.
Әкім өз кезегінде кәріз жүйесін жетілдіру мақсатында екі ірі жобаның жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы ең маңызды жобаның бірі – «Яссы және Ыждыхат тұрғын үй массивтерін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» жобасы. Жоба толық іске асқанда, Оралман аумағындағы ескі желілер мен насостар толықтай жаңартылып, бүкіл жүйенің тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Бұл ескірген жүйелердің тоқтап қалу қаупін азайтып, экологиялық қауіпсіздікті арттырады дегенге саяды.
Қала басшысының көшпелі кездесуі тек есеп беру алаңы ғана емес, сонымен қатар халықтың жаңа өтініштерін тікелей қабылдау және оларды шешу тетігі болып табылады. Яссы секторының тұрғындары көтерген барлық ұсыныс-тілектер тіркеліп, оларды шешу бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты мерзімді тапсырмалар жүктеледі.
Әзімбек Пазылбекұлының қала тұрғындарымен жүйелі түрде кездесуі — Түркістан қаласын дамытудағы ашықтық пен халық мүддесін бірінші орынға қою қағидатын ұстанатынын айғақтайды.

