Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2025 жылғы 03 наурызында қол қойғаны тарих бетінде қатталып қалды.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Осы ретте, Түркістан қаласының сәулеттік келбетін жақсарту, қалалық ортаның эстетикалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және заңсыздықты болдырмау мақсатында қала аумағында жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бұл кешенді жұмыстарға қала әкімдігінің бірнеше бөлімдері — сәулет және қала құрылысы бөлімі мен бизнесті қолдау және туризм бөлімі бірігіп атсалысуда.
Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – қаланың әкімшілік және эстетикалық тәртібін орнату, сондай-ақ заңдылықты қатаң сақтауды қамтамасыз ету, рұқсатсыз, қаланың сәулеттік талаптарына қайшы орналастырылған сыртқы жарнамаларды анықтау және демонтаждау. Сауда нүктелерінің тек арнайы белгіленген аумақтарда жұмыс істеуін қадағалау және заңсыз сауда орындарының жолын кесу. Ғимараттардың сыртқы келбетінің, соның ішінде маңдайшалар мен жарықтандырудың дизайн-код талаптарына сәйкестігін тексеру.
Рейд барысында сыртқы жарнамалардың орнатылу тәртібі, рұқсат құжаттарының болуы, маңдайша мәтіндерінің эстетикалық және тілдік талаптарға сәйкестігі қатаң назарға алынды.
Айтулы жұмыстарға қала әкімдігі Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ де белсенді қатысуда. Орталықтың мамандары маңдайшалардағы және жарнамалардағы тіл нормаларының сақталуына қатысты бақылауды күшейтуде.
Бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе, ақпараттық мәтіндердің мемлекеттік тілдегі және қажет болған жағдайда басқа тілдердегі дұрыс аударылуына, сауаттылығына және көрнектілігіне айрықша көңіл бөлінеді. Аталған шаралардың барлығы Түркістан қаласының бірыңғай дизайн-кодын іске асыру мақсатында жүргізілуде. 2025 жылы бекітілген бұл дизайн-код қалалық ортаның эстетикалық және функционалдық сапасын жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Дизайн-код мынадай элементтердің ортақ стильде орындалуын талап етеді. Атап айтқанда, ғимарат қасбеттері, жарнамалық құрылымдар, шағын архитектуралық формалар (орындықтар, қоқыс жәшіктері және т.б. , ақпараттық белгілер, абаттандыру элементтері.
Дизайн-кодты енгізу арқылы Түркістан қаласы тек тарихи және рухани орталық ретінде ғана емес, сонымен бірге заманауи, реттелген және эстетикалық тартымды қала ретінде қалыптасуда. Рейдтік жұмыстар осы кешенді жоспардың іске асуындағы маңызды әкімшілік және бақылау тетігі болып табылады.
Аталған шаралар Түркістан қаласының дизайн-кодын іске асыру мақсатында жүргізілуде. 2025 жылы бекітілген дизайн-код қаладағы ғимарат қасбеттері, жарнамалық құрылымдар, шағын архитектуралық формалар, ақпараттық белгілер және абаттандыру элементтерінің ортақ стильде орындалуын көздейді.

