Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала прокуроры Қаукен Бахытбайұлы, полиция басқармасының басшысы Жасұлан Қаржаубайұлы және дербес бөлім басшылары қатысты. Мәжіліс барысында қаланың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін инфрақұрылым, қоғамдық тұрақтылық, мәдениет және спорт салаларындағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.
Жиынның басында қала басшысы шаһардағы жарықтандыру мәселесі мен қараусыз қалған нысандардың жай-күйіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, бірқатар тұйық көшелерде жарықшамдардың жетіспеушілігі мен иесіз қалған ғимараттардың қауіпсіздікке төндіретін қатері талқыланды. Әзімбек Пазылбекұлы бұл бағытта әзірленген зерделеу жұмыстарының нәтижесін саралай келе, арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Құзырлы органдармен бірлесе отырып, бұл мәселелерді қысқа мерзімде ретке келтіру – қалалық әкімдіктің алдында тұрған басты міндеттердің бірі ретінде белгіленді.
Түркістан қаласында жыл басынан бері мәдени өмір қызу қарқынмен дамып келеді. Бұл іс-шаралар қала тұрғындарының рухани байлығын арттыруға, мәдениет саласының өркендеуіне және қоғамның мәдени деңгейін көтеруге үлкен үлес қосуда.
Осылайша, Түркістан қаласының мәдени өмірі жыл бойы түрлі іс-шаралармен толықтырылып, қала тұрғындарының рухани дамуына, мәдени деңгейін арттыруға бағытталған көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәдени іс-шаралардың көптігі қала әкімдігінің мәдениет саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.
Түркістан – рухани астана болғандықтан, мәдени шаралардың маңызы өте жоғары. Биылғы жылы қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 186 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 80 795 адам қатысқан. Бұл көрсеткіш қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалысқа деген қызығушылығының жоғары екенін аңғартады.
Оның ішінде, кітапхана саласында да оң динамика байқалады. Мысалы, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қоры 355 594 данаға жетті. Тұрақты оқырмандар саны 22 591 адамды құрайды. Жыл басынан бері кітапханаларға келушілер саны 189 904 адамға жеткен.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мәдени шаралардың тек санына ғана емес, сапасына да мән беру керектігін ескертті. Әсіресе, ұлттық құндылықтар мен тарихқа негізделген мазмұнды бағдарламаларды көбейту тапсырылды.
Жоғарыда айтып өткен іс-шаралар тек қала тұрғындарына ғана емес, қала қонақтарына да арналған. Түркістан қаласы Қазақстанның рухани орталығы ретінде өз мәртебесін бекіте отырып, мәдениет пен өнерді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Қаланың мәдени өмірінің қарқынды дамуы туристердің де қызығушылығын арттырып, қаланың экономикалық әлеуетін көтеруге септігін тигізеді.
Мәдени іс-шаралар қоғамның рухани дамуына, халықтың мәдени деңгейін көтеруге үлкен ықпал етеді. Олар арқылы ұлттық құндылықтар насихатталып, ұрпақтар арасындағы байланыс нығаяды. Түркістан қаласында өткізілетін мәдени іс-шаралар осы мақсаттарға қызмет етеді.
Қала тұрғындары мәдени іс-шаралардың көптеп өткізілуін оң бағалап отыр. Қала халқы үшін осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы үлкен қуаныш. Балаларымен мәдени шараларға бірге баратын ата-аналар уақыттарын тиімді өткізумен қатар, рухани азық алары сөзсіз.
Сонымен қатар, спорттық жетістіктер және бұқаралық спорт түрлерін қамтыған шараларда басымдыққа ие. Өйткені, Түркістан шаһарының әлеуметтік-экономикалық дамуының тағы бір саласы спорт. Тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануларына барлық жағдай жасалған, ұлттық спорт түрлері, бокс, футбол басқа да спорт түрлерінің дамуы қарқыны да ілгерілеуде.
Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Қала тұрғындарын спортқа баулу үшін алдымен спорт мекемелерінің базасы жақсы болуы керек. Содан барып спортқа қызығушылық танытатын тұрғындардың саны арта түсуі анық. Бүгінгі таңда Түркістанда жекпе-жек спорт түрлеріне сұраныс артып отырғаны рас. Оны спортшыларымыздың жеткен жетістіктерінен анық байқауға болады. Жалпы өңірде бокс, таэквондо, дзюдо, күрес түрлері, қазақ күресі, аралас жекпе-жек, т.б. спорт түрлеріне қызығушылық артуда.
Жалпы спортшыларды ынталандырудың бірнеше жолдарын айтуға болады. Спортшыларды ең бастысы жаттығу жасайтын орындарын, спорттық құрал-жабдықтармен, спорттық киімдермен қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар қала құрамасына еніп, әрі қарай ұлттық құрамаға енген спортшыларға спорттық нәтижесіне қарай қолдау білдіріп отырған қала әкімдігінің жоспарлы жұмыстары жетерлік.
Жұмыстан бір мезет бойды сергітіп, спортпен шұғылдану әрбір тұрғын үшін өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, мұғалімдер мен медицина қызметкерлері арасында спартакиада, жоғары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері, құқық қорғау қызметкерлері арасында жарыстар тарихи шаһарда тұрақты түрде ұйымдастырылады. Жалпы, спорт саласы да қала өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Бұқаралық спортты дамытумен қатар, кәсіби спортшылардың халықаралық ареналардағы көрсеткіштерінің артқаны айрықша атап өтілді.
Бүгінгі жиында спорттық жарыстар кезіндегі қауіпсіздік мәселесі де көтерілді. Қала басшысы полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар бөліміне іс-шаралар кезінде адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірлесе атқаруды міндеттеді.
Нақты нәтижеге бағытталған жиынды қорытындылай келе, Әзімбек Пазылбекұлы барлық бөлім басшыларына «есеп үшін емес, нәтиже үшін» жұмыс істеу принципін қатаң ұстануды тапсырды.
Сонымен қатар, қала әкімі әлеуметтік желілерде көтерілетін мәселелердің алдын алу үшін уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, жыл соңына дейін жоспарланған мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды және қаладағы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді басымдыққа алу керектігін шегеледі.
Аппараттық мәжіліс қала дамуының жаңа кезеңін айқындап, алдағы қысқа мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамдарды бекітті. Түркістан қаласы әрбір сала бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу жолында еңбек етуді жалғастыра бермек.

