Күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігі ережелері сақтау мақсатында Ордабасы ауданы әкімдігі ескертпе жариялап, тұрғындар ұауіпсіздігін саұһқтау жайын назардан тыс қалдырмай келеді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жеке сектор тұрғындарының басым бөлігі газ баллондарын пайдаланады. Газ баллонндарың жарылысының салдарынан болатын оқыс оқиғалар, әсіресе қыс мезгілінде температураның төмендеу салдарынан арта түседі.
Сондықтан да, күнделікті өмірдегі газды пайдаланудағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау сіз бен сіздің отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Олай болса төмендегі қарапайым қауіпсіздік ережелеріне назар аударыңыздар!
Баллондарды толтыруды тек мамандандырылған пункттерде ғана жүзеге асырыңыздар;
Цилиндрді суықтан жылуға әкелмеңіз және жылу көздеріне жақын қоймаңыз;
Баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз
Газ құрылғыларын қосу кезектілігінің ережелерін сақтаңыз:
Тексерілмеген балонды пайдаланбаңыз;
Ас даярлау барысында газ құрылғысына сұйықтың төгіліп кетпеуін қадағалаңыз. Қыздырғыштарды үнемі тазалап тұрыңыз.
Жұмыстың соңында баллонның кранын ЖАБУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ.
Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабып, тез арада желдету үшін терезелер мен есіктерді ашыңыз. Мұндау жаңдайда ашық отты пайдалануға болмайды және электр құрылғыларды мүмдем қоспаңыз.
Төтенше жағдай орын алған бойда 101, 104 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз!
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз және қауіпсіз өмір сүріңіз!
Мұнан бөлек, аудан аумағына қарасты елдімекендердің көпшілігі табиғи газ пайдалануда. Осы ретте аудан әкімдігі тұтынушы тұрғындарға төмендегіше ескертпе жолдайды.
Назарға алыңыз, Сіздің қауіпсіз өмір сүргеніңіз біз үшін маңызды. Тек, сақтық шараларын сақтауды назардан тыс қалдырмасаңыз болды! Газдың қауіпті екенін бәрі де біледі, алайда, оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға үйреніп, қауіпсіздік шараларын естен шығарып алады.
Табиғи газды тұрмыста пайдалану адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін тұрмыста газды пайдалану ережелері талаптарын қатаң сақтау қажет. Аталған ережелермен тұтынушыларды газ шаруашылығы қызметкерлері пәтерлерді немесе жеке үйлерді газ жүйелеріне қосу барысында таныстырады.
Тұтынушылар газ құрылғыларының, жылыту пештері мұржаларының қалыпты жұмыс істеуін қадағалап отыруға тиіс, ал пайдалану аяқталғаннан кейін газ құрылғысының крандарын жауып қою қажет.
Қысқы-көктемгі кезеңде сыртқы ауа температурасы мен жел жылдамдығының күрт өзгеруінен мұржалардың жиектеріне мұз қатып, ішіне басқа заттар түсуі мүмкін. Сол себептен түтіннің тартуы нашарлап немесе кері шығуы мүмкін. Түнгі уақытта жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды. Сыртқы ауа температурасы төмендегенде мұржаның қызбауы себебінен су буы кристаллданып, мұржаның ішіне мұз қатып, түтіннің шығуына кедергі болады.
Бұндай кезде толық жанбаған табиғи газ (улы газ) бөлмеге таралады. Сондықтан жылыту құрылғыларын жақпастан бұрын терезелерді ашып, бөлмені, от жағар орынды және мұржаны желдетіп алу қажет.
Газ құрылғыларын жақпастан бұрын және жанып тұрған кезде міндетті түрде мұржадан түтіннің тартуын тексеріп отыру қажет.
Өкінішке орай кейбір тұтынушылар қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарап, нәтижесінде өздері немесе туысқандары қайғыға ұшырап жатады.
Тұрмыста газды пайдалану ережелерінің кейбір тармақтарын естеріңізге саламыз:
– газ құрылғыларын өздігіңізден газ жүйесіне қосуға немесе жөндеуге, олардың орнын өзгертуге, пештердің сылағы жарылған кезде және мұржаларда түтін тартпай тұрған кезде газды пайдалануға тыйым салынады;
– жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға, әсіресе, түнгі уақытта болмайды. Салдарынан өрттер мен газ аралас ауаның жарылыстары болуы мүмкін;
– мұржаны күйден және бөтен заттардан мезгілімен тазалап, оның бүтіндігін тексеріп отыру қажет;
– бөлмеде газдың иісін сезсеңіз, есіктер мен терезелерді ашып, бөлмені желдету қажет, жарық пен электр құралдарын қоспаңыз және «109» телефон номерімен шұғыл түрде авариялық газ қызметін шақырыңыз.
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне иелері жауапты екенін есте сақтау қажет.
Табиғи газ – жайлылық пен халықтың әл-ауқатының жақсару белгілерінің бірі. Осылайша, Ордабасы ауданының әкімдігі аудан тұрғындарының табиғи газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауы үшін жан-жақты ақпараттық жұмыстарды тоқтаусыз жүргізіп келеді. Бұл іс-шаралар қауыпсіздік мәселесінің маңыздылығын көрсетеді. Газ қызметкерлері барлық азаматтарды 2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңін қауіпсіз және жайлы өткізу үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи газды пайдалануда абай болыңыздар!

