Жаңа инвестициялық жобаларды қолдап, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру қажет. Әр ашылған кәсіпорын халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан ел игілігі үшін билік пен бизнестің тығыз жұмыс істеуі маңызды. Әр әкімнің негізгі міндеті – халықтың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу.
Ия, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 8 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қадап тапсырған еді.
– Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес, осындай инвестициялар бізге қажет. Бірақ қазір тұрған міндет – басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы керек. Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттері қайталанады. Ал, қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе, бізге жаңа ұстаным керек. Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-Министр он күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс. Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізіп, асты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру қажеттігі айтылды.
«Бүгінде әкімдіктер тарапынан инвестиция тарту бойынша қабылданып жатқан шаралары өңірлердің әлеуетін ашып көрсетпейді, экономикалық әлеует жеткілікті пайдаланылмай отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару вертикалының барлық деңгейінде, оның ішінде аудан әкімдері деңгейінде де жүргізілуі тиіс», — деп тапсырды Премьер-министр. Жасыратыны жоқ, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларын орындау Түркістан облысы Ордабасы ауданында қарқын алуда деуге болады. Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлының табанды жұмыстарының нәтиджесінде ауданымызда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында ауқымды жоба жүзеге аспақ. Атап айтқанда, «ASIA ENERGY Co» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясын салу жоспарланып отыр.
Бүгін ауқымды жобаны іске асыру мақсатында аудан әкімі Азат Оралбаев және жоба иесі — Қытай Халық Республикасының инвесторы Чен Жянфенг арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат тараптар арасындағы іскерлік байланыстарды, жобаға қажетті қолдаулар мен инфрақұрылымдық жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған ортақ міндеттемелерді айқындайды. Алдағы уақытта инвестор тарапынан техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып, инженерлік іздестіру жұмыстары жүргізіп, инфрақұрылым тарту, электр желілеріне қосу, жерді дайындау сияқты ұйымдастыру шаралары кезең-кезеңімен атқарылмақ.
Айта кетерлігі, жоспарланып отырған қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясының жобасы — ауданның энергетикалық әлеуетін арттырып, экономикаға оң әсер ететін, энергия көздерін дамыту бағытындағы стратегиялық маңызы бар жаңа бетбұрыс болып табылады.
«Бүгінде әкімдіктер тарапынан инвестиция тарту бойынша қабылданып жатқан шаралары өңірлердің әлеуетін ашып көрсетпейді, экономикалық әлеует жеткілікті пайдаланылмай отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару вертикалының барлық деңгейінде, оның ішінде аудан әкімдері деңгейінде де жүргізілуі тиіс.
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тарту басы артық бюрократиядан арылып, жедел ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін аса маңызды жұмыс екенін айтты. Мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер жобаның іске асырылу барысын «тікелей» бақылауы керек. Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнделікті айналысып, бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелерін жедел шешуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Алдағы уақыттың еншісінде Ордабасы ауданының жағдайын оңтайландыратын жұмыстарының жандануы мен жаһандауы айқын деген сенімдеміз.

