Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Аппараттық мәжілісте бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі бағыттар бойынша салалық бөлімдер мен ауыл округтерінің есептері тыңдалып, алдағы міндеттер нақтыланды. Жиында алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралып, аудан басшысы барлық негізгі индикаторлар мен бюджет және кіріс жоспарының орындалуына ерекше назар аударды. Әрбір бөлім басшысына жоспарлы көрсеткіштерді уақытылы әрі сапалы орындау қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, бұған дейін берілген ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша есептер тыңдалды. Жауапты бөлімдерге шешімін таппай тұрған мәселелерді жеделдетіп аяқтау тапсырылды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – электр жүйесінің қазіргі жағдайы. Бұл тұрғыда әр ауылдағы электр мәселелері жеке-жеке талқыланды. Аудан әкімі тұтынушыларға сапалы әрі үздіксіз электр қуатын жеткізу – жауапты мекеме мен сала басшыларының тікелей міндеті екенін атап өтіп, ағымдағы жұмыстарды тиімді жүргізіп, ақауларды жедел қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Келесі кезекте күзгі тал егу жұмыстары жан-жақты сараланды. Аудан әкімі әр түп ағаштың сапалы отырғызылуын, суарылуын және күтімі бақылауда болу керектігін атап өтіп, ауыл округтеріндегі нақты егу көрсеткіштері бойынша есеп алды.
Қосымша ретінде күн тәртібінен түспейтін әскерге шақыру науқаны, қоғамдық ахуал, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін салалардағы тәртіп пен жауапкершілік деңгейі қаралды. Аудан басшысы барлық бөлім мен сала жетекшілерінен әр жұмысқа мұқият, жауапты қарауды талап етті.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған міндеттері аясында, ел өңірлері қарқынды дамып келеді. Соның ішінде Ордабасы ауданының үлесі басымдыққа ие. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап өтті. Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық технологияға негізделген экономикаға көшіру болып табылады. Біріншіден, экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Бұл қадам жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта Ордабасы ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет басшысы: Орталық – еліміздің индустриялық қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Түркістан өңіріне 7 инвестор Орталықта жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде, өңір экономикасына 185 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 175 жұмыс орны ашылады.
Дәлірек айтқанда, Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны 8 млрд теңге, 150 жұмыс орны) іске қосылады деп күтілуде. Шағын өндірістік алаңдарды дамыту үшін жергілікті кәсіпкерлерді белсенді атсалысуда. Ақпараттандыру-түсіндірме жұмыстарын «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» арқылы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Ордабасы ауданында аумағы 10,5 гектар «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат салынуда. Инвестиция көлемі 10,4 млрд теңге. 100 жұмыс орны құрылады. Жобаның мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, барлық аудандарда осы тәжірибені ендіру жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, Түркістан облысында өндірілетін электр энергия көлемін ұлғайту мақсатында, 2025-2028 жылдары Ордабасы ауданында 220 кВ «Бадам» қосалқы стансасының құрылысы 2025 жылдан бастап іске асырылуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025 жылы инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 6 дана – 110-35 кВ-тық қосалқы станса, 356,8 шақырым – 110–0,4 кВ электр желісін, 89 дана – 10/0,4 кВ трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде, 2025-2026 жылдарға 4,6 млрд теңге қаралып, 48,7 шақырым құрайтын жоғары кернеулі әуе электр желілерін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025-2029 жылдары жалпы 113,1 млрд теңге келесі жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда:
— 778,9 шақырым – электр желілеріне;
— 23 бірлік – қосалқы стансаларына;
— 343 бірлік – трансформаторға реконструкциялау жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысына сәйкес, биыл облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1 427,1 млрд теңге көлемінде бекітілсе, 2025 жылдың 10 айының (қаңтар – тамыз айлары) қорытындысымен 1 трлн 178,0 млрд теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Осы ретте, Ордабасы ауданында «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алюминий бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы инвестиция құны 8,0 млрд теңгені құрап отыр.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер салу және су қоймалары құрылыстарын жүргізу тапсырмасына сәйкес, көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін атқарылған жұмыстардың көрсеткіші ауданда оң нәтижесін беруде.

