«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы еліміздегі барлық мемлекеттік білім ошақтарында, оның ішінде жекеменшік барлық білім беру ұйымына енгізіліп, іске асырылады.
«Адал азамат» бағдарламасының түпкі мақсаты – қоғамның мызғымас тірегі, отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу, әділеттіліктің, адамгершіліктің, жауапкершілік пен еңбексүйгіштіктің айқын бейнесі болатын адал азамат қалыптастыру.
Аталмыш жобаны жерделеу жұмыстары, Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде насихатталуда.
Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, есірткінің адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында «Бір қателік-бүкіл өмірге дақ”тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинары ұйымдастырылып өткізілді.
Семинардың мақсаты, білім алушылардың өмірде жіберілетін қателіктердің салдары туралы түсінігін кеңейту, маңызды шешім қабылдауда байыптылыққа тәрбиелеу және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру. Семинарды мектеп директоры П.Сапарова ашып, ұстаздарға сәттілік тілеп, келген қонақтармен таныстырды. Аудандық семинарға Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Досқараның, Бөген ауыл округінің әкімі Д.Сәдуақас, ”Әкелер мектебінің“ төрағасы Ғ.Төбелбайдың, ”Қамқоршылық кеңесінің” төрағасы Ж.Қашқынның қатысуымен өткізілді.
Өз кезегінде, Психологтар, сынып жетекшілер және мектеп мейірбикелерінің қатысуымен болған іс-шараның басталуында қолөнер, шахмат ойыны, сурет көрмесі көрсетіліп, өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасы қойылды.
Семинарда мектеп педагог-психологы Р.Сансызбаева, Н.Сейітбекова «Таза сана-жарқын болашақ” тренинг,мектеп мед.бикесі П.Сабырхан, У.Мейірманова ”Улы өмірдің тұзағы” тақырыбында дөңгелек үстел, сайыс сабақ, химия пәнінің мұғалімі М.Куанышбекова, Э.Сайлаубекова «Есірткіге жол жоқ” тақырыбында дөңгелек үстел, ұлдар ұйымының жетекшісі Т.Садық, Н.Бахардан, О.Жүсіп «Салауатты өмір-жарқын болашақ” тақырыбында спорттық сайыс, дебат клубының жетекшісі С.Елемес “Нашақорлыққа жол жоқ“ тақырыбында дебат, мектеп кітапханашысы Г.Рай, Р.Есбатыр, Ж.Спандияр “Жоқ дей біл! Бақытты өмір сенен басталады” тақырыбында танымдық кеш өткізді.
Қатысқан педагогтер мен мамандар сабақ өткен ұстаздарға өз бағасын беріп, жақсы тілекпен қорытындылады. Тәрбилік мәні зор семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

