Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ. Осы мақсатта Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама балабақшадан бастап мектеп пен колледжге дейінгі білім беру ұйымдарында жүйелі тәрбие жұмысын жүргізуге бағытталған. Оның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дарытып, патриоттық рухты қалыптастыру, әділдік пен еңбекке баулу.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын тарқатар болсақ, бағдарлама тәрбиенің үштағанына сүйенеді, яғни ұлттық бірегейлікті сақтау, қоғамға қызмет ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Осы құндылықтар негізінде тәрбие жұмысы төмендегі бағыттармен жүргізіледі. Атап айтқанда, тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік және асампаздық пен жаңашылдық.
Ордабасы ауданы “Ұлағат” жалпы білім беретін мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бағыттарын қамту аясында «Шабыт» жобасының «Музыка сабақтарындағы жасөспірімдердің рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық семинардың кезекті іс-шарасы өткізілді.
Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Досқара Гүлраушан Мақұлқызы мен мектеп директоры Нұргүл Мұратқызы Тағаева ашып, семинардың маңыздылығына тоқталды. Олар музыка пәнінің жасөспірімдердің рухани дамуына ықпал ететін қуатты құрал екенін айта келе, педагогтарды тәжірибе алмасудың, шығармашылық инновация енгізудің мәнділігі жайында да айтып өтті.
Іс-шараның практикалық бөлімі аясында мектептің дарынды ұстаздары түрлі бағыттағы сабақтар мен шеберлік сыныптарын ұсынды. Әр сабақ мазмұны рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды көздеп, музыка пәнінің мүмкіндіктерін кеңінен аша түсті. Мысалы, 4-сынып жетекшісі Г.Әкімханова– «Әуелеген әсем ән» тақырыбын қозғап, оқушыларды ән өнерінің әсемдігімен таныстыра отырып, әуен арқылы көркемдік талғамды, ұлттық музыкаға сүйіспеншілікті дамыту бағытында мазмұнды ашық сабақ өткізді. Ал, Қ.Мейірбеков Қ. – 4-сынып «Әуелеген әсем ән» бағытындағы музыкалық интерпретацияның, әннің мазмұнын сезіну және ортақ орындаушылық дағдыны қалыптастыруға баулитын шығармашылық жұмыс ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Ғ.Сайдақбаров – 6-сынып «Дәстүрлі күйшілік өнер» ұлттық күй өнерінің тарихы, күйшілер мұрасы және домбыраның тәрбиелік мәні туралы терең мазмұнды сабақ өткізіп, оқушыларды ұлттық өнерді дәріптеу дүниесіне жетеледі. Д.Искакова– 3-сынып «Терме. Нақыл. Өсиет» терме жанрының тәрбиелік құндылығын түсіндіре отырып, оқушыларды үлкенді құрметтеуге, адамгершілікке бағытталған сабақ ұсынды. А.Рысымбек – «Музыка сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері» шеберлік сыныбында қолданылатын жасанды интеллект арқылы дауыс талдау, әуен құрастыру, мультимедиалық материал әзірлеу тәсілдерін көрсетіп, мұғалімдерге жаңа технологияларды пайдалану жолдарын таныстырды. С.Мырзатаева – «Музыка пәнін әдіс-тәсілдер арқылы меңгерту» музыкалық жаттығулар, импровизация және топтық жұмысты тиімді қолданудың үлгісін көрсетті.
Сондай-ақ, А.Сейілбек – 6-сынып «Музыка және поэзия» музыка мен поэзияның байланысын, ырғақ пен әуенді сезіну арқылы көркемдігін ашатын танымдық сабақ өткізсе, Г.Қыдырбай және Г.Қамысбаева – 5-сынып «Жаңғырған салт-дәстүр әндері» тақырыбындағы ұлттық салт-дәстүрге негізделген әндердің тәрбиелік мәнін таныстырып, оқушылардың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттырған мазмұнды сабақтар ұсынды.
Семинар соңында АПӘК әдіскері Г.Досқара барлық мұғалімдердің кәсіби шеберлігіне жоғары баға беріп, белсенді педагогтарды марапатқа ұсынды. Іс-шара аудан мұғалімдерінің шығармашылық ынтымақтастығын нығайтып, рухани бағыттағы жұмыстарын жоғары бағалап, жаңа серпін беретін алдағы жұмыс жоспарларына сәттілік тіледі.
Сонымен, «Адал азамат» бағдарламасы – ел болашағына салынған инвестиция деп қабылдауға болатын және ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамда әділдік пен бірлікті, еңбексүйгіштік пен жаңашылдықты орнықтыруға бейімдейтін басты құндылық деуге саяды.

