Жалпы, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы тек қана білім беру ұйымдарындағы ғана емес, барлық мемлекеттік ұйымдардағы тәрбие жұмысына қатысты іс-қимылдың негізіне айналады. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігі осы жұмыстарды бағдарлама аясында біріздендіруді жүргізуде.
Бағдарлама мазмұнына сәйкес білім ұйымдарындағы тәрбие процесі құндылыққа және құзіреттілікке бағдарланған тәсілдер арқылы іске асырылады. Құндылықтарды бала бойына сіңіру олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, танымдық, практикалық және эмоционалды компоненттерді қамту арқылы жүргізіледі. Танымдық компонент – әрбір құндылықтардың мәні мен мазмұнын ұғынуды қамтамасыз етеді. Практикалық компонент – балалардың осы құндылықтарды іс жүзінде нақты әрекеттер арқылы іске асыруына мүмкіндік береді. Ал эмоционалды компонент – бұл құндылықтардың өмірлік әдетке, күнделікті дағдыға айналдырары сөзсіз.
Осы тұрғыда, Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округі №18 колледж студенттеріне мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын бағдарламалардың маңыздылығы және мемлекеттік бағдарламалар арқылы қажетті білім, жұмыс мүмкіндіктері, кәсіпкерлік қолдау және тұрғын үй мәселелері бойынша көмек алатындығы айтылды.
Кездесу барысында адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтары насихатталып, жасөспірімдердің құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, баланың құқығын қорғау жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалыптастыру үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, мемлекет тарапынан әрқашан сіздерге қолдау көрсетіледі. Ол үшін, өзіңізге қажетті маңызды ақпаратты жіберіп алмай, мүмкіндіктерді пайдалану жайында әңгіме өрбіді.
Еске салсақ, 2025 жылдың 12 тамызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға жолдаған үндеуінде: «Жастар қашанда және қай кезде де өзгерістің басы-қасында жүреді. Сіздер дүние әп-сәтте мың құбылатын заманда өмір сүріп жатсыздар. Жастардың өздерін танытуына мүмкіндік мол. Озық ойлы жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, білімпаздығы, еңбек етуге және өзін-өзі дамытуға құштарлығы қуантады. Өйткені еліміздің бүгіні де, ертеңі де – Сіздер. Отанымыздың тағдыры белгілі бір дәрежеде жас буынның күш-қуатына, ой-пікіріне, білім-білігіне, табандылығы мен патриоттық қасиеттеріне байланысты.
Мемлекет өскелең ұрпаққа тиісті жағдай жасайды. Қазақстанда білім алу және еңбекпен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, таланттарды шыңдауға, жеңілдікпен баспана сатып алуға, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған көптеген бағдарлама әзірленіп, іске қосылуда.»- деген болатын. Шұбар ауыл округі №18 колледждің студенттерімен өткен тәрбие сағатында, ел ертеңі жастарға үшін тиімділігі орасан мемлекеттік бағдарламалардың мәні жайында Ордабасы ауданы Жастар ресурстық орталығы коммунальдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен колледж ұстаздары тарқатқан тақырып қызықты да, әсерлі өтті.

