Қазақстан Республикасының ер азаматы болған соң өз Отанын сүйіп отан алдындағы борышын беруге міндетті. Себебі ол ер азамат өз отбасын өз жерін, елін қорғай білу керек.
Әскери өмірдің берері өте көп. Мысалға айтқанда әскерде болған адам тазалықты, ұқыптылықты бойына сіңіреді, тәртіпті болады. Әскерде болған адам болашақта үлкен өмірге тез үйренісіп кетеді. Өз Отанын, отбасын қорғай алатын болады. Ер адамға керек маңызды қасиеттің бірі осы. Әскерде ер адам шымыр, денсаулығы мықты болып шығады. Жалпы бір сөзбен айтқанда әскер деген ер адамға өте қызықты және де үйрететін нәрселері өте көп.
Бүгінгі таңда күзгі әскерге шақыру науқаны Ордабасы ауданында ойдағыдай жүргізілуде деуге болады. Аудан әкімі Азат Оралбаев әкімдік аппаратында маңызды екі бағытты қамтитын, яғни күзгі әскерге шақыру науқаны мен күзгі тал егу жұмыстарының орындалуына арналған кеңейтілген жұмыс жиынын өтеізді. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, тиісті бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде күзгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы талқыланды. Әрбір ауылдық округ бойынша есеп тыңдалып, көрсеткіштердің орындалуы, жоспар мен нақты нәтиженің арақатынасы сараланды. Бірқатар округтердегі кемшіліктер атап өтіліп, олардың себептері мен шешу жолдары қаралды.
Аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне жастарды әскерге шақыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуді және заң аясындағы талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, науқан барысында кешенді әрі алдын ала жоспарланған шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы өз сөзінде: Қазіргі уақытта елімізде күзгі шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес күзгі шақыру қыркүйекте басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Сондықтан да, мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.
Әрине, әскери өмірдің берері өте көп. Мысалға айтқанда әскерде болған адам тазалықты, ұқыптылықты бойына сіңіреді, тәртіпті болады, болашақта үлкен өмірге тез үйренісіп кетеді және өз Отанын, отбасын қорғай алатын болады. Ер адамға керек маңызды қасиеттің бірі осы. Мұнан бөлек әскерде ер адам шымыр, денсаулығы мықты болумен қатар, ер адамға өте қызықты және де үйрететін, үйренетін қасиеттерді де қалыптастырады. Жалпы, қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Ал, әскери қызмет – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы борышы,- деп патриоттық әңгімесін жеткізді.
Жиындағы келесі мәселе – күзгі тал егу және егілген көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарымен жалғасын тапты. Ондағы тақырып, биыл егілген тал-теректердің ахуалы мен қоршауы және қорғау шараларының ұйымдастырылуы жайында сөз болып, ауылдық округ әкімдері аталған бағыт бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Аудан басшысы егілген әр талдың сақталуына жауапкершілікпен қарау керектігін айтып, көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын тұрақты түрде бақылап отыруды жүктеді. Сонымен бірге, көгалдандыру ісінде жүйелілік пен нәтижелілік болуы үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмасын берді. Жиын қорытындысында аудан әкімі әр сала бойынша тапсырылған міндеттердің орындалуын қатаң бақылауға алатынын жеткізіп, тиісті басшыларға бекітілген жоспарды уақытылы әрі сапалы атқаруды міндеттеді.
Ия, әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш болып саналады. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Әскердің қазанында қайнап, сынағына шыңдалып шығу Ордабасы ауданының кез келген азаматы үшін өмірлік олжа болатыны сөзсіз. Әскерде болғандар кез келген сынаққа қарсы тұра алады. Сол үшін үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан әр азамат өтуі керек.

