Осы жылдың 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылды. Соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.
Осы бағдарлама аясында, Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 5-ші желтоқсан күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бағытын басымдыққа алып, жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, есірткінің адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу қажеттігі туралы мысалдармен дәлелдеп түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында «Бір сәттік қызығушылық- өмірлік қауіп» тақырыбындағы аймақтың тәжірибелік семинары ұйымдастырылып өткізілді.
Әрине, өткізілген семинардың мақсаты аталмыш мектеп оқушыларының санасына өмірде жіберілетін қателіктердің салдары туралы түсінігін кеңейту, маңызды шешім қабылдауда асығыстық жасамай, кез келген түйіткілді мәселені сабырлылықпен шешуге тәрбиелеу және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру. Семинарды алғы сөздерімен ашқан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Е.Әбдіразақ ,С.Келдибекова ашып, қатысушы ұстаздарға сәттілік тілеп, шараның маңыздылығы мен мәнділігіне тоқталып өтті.
Е.Әбдіразақ өз сөзінде есірткілік заттарды қолдану зияны туралы, оны ішу мөлшері және көп таралған тәуелділік синдромдары, тәуелділікке душар болғандар және ортақ тәуелділікке түскендер жайлы сөз қозғады.
С.Келдибекова: «Қазіргі уақытта маскүнемдік мәселесі әлемнің үлкен проблемаларының бірі болып табылады және бүгінгі күні аса маңызды мәселе болып есептеледі. Жылдан жылға жастар арасында саны -с3п бара жатқан нашақорлық және уытқұмарлыққа әуес болмау керек. Бұлардың салдары өте ауыр, адамның психикалық жүйесі зақымданып, физикалық тұрғыдан денсаулыққа зияндығы орасан. Жеке тұлғаның тозуы, мінез-құлық, қылмыс, ерте мүгедектенуі және мерзімінен бұрын өлімнің салдарлары осындай жаман әдеттерге әуестенуден туындайды.
Темекі шегу мен маскүнемдік, әсіресе, нашақорлық медициналарды, сондай-ақ өздерінің болашақ ұрпағын, осындай зиянды және зиянды әдеттерге әлі берілмеген адамдарды қалай сақтауға болатын, қазіргі қоғамның осы үш зұлымдығына құмарлықтан қалай сақтағаны туралы ойлайтын қарапайым азаматтарды көбірек ойлануға мәжбүрлейді. Егер адамзат тоқтамаса, өзі туралы, өзінің болашағы туралы ойланбаса, онда ол өзін толық жойылуына мәжбүрлейді. Егер алкогольді және темекі өнімдерінің, жастар арасында есірткінің таратудың алдын алу үшін ешқандай шаралар қабылданбаса, егер салауатты өмір салтын насихаттау жүргізілмесе, адамзат болашақсыз қалатыны ащы да болса шындық»,- деді. Аймақтық семинарға Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Досқара Гүлраушан Мақұлқызы, ата-аналар комитетінің төраймы Шаншарова Камшат қатысты.
Психологтар, сынып жетекшілер және мектеп мейірбикелерінің қатысуымен болған іс-шараның барысында қолөнер, ұлттық ойыны, сурет көрмесі көрсетіліп, өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасы қойылды.
Семинарда мектеп педагог-психологы З.Нуржигитова мен кітапханашы Ж.Жапашева «Есірткіге емес-білімге құмар бол» тренинг, мектеп мейірбикесі Д.Шопаева мен тәлімгер Г.Абдраймова «Зиянды әдеттердің жасөспірім өміріне әсері” тақырыбында дөңгелек үстел, ашық сабақ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Мырқашова «Нашақорлық- шын қорлық», химия мен биология пәнінің мұғалімдері Ф.Сүйінхан мен Г.Кенжебекова «Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу — міндет тақырыбында дөңгелек үстел, ұлдар ұйымының жетекшісі А.Даулетбаев мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері М.Серікбай пен Н.Тұрсынбай «Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу» спорттық сайыс. Н.Әбіләз мен А.Айтбай «Нашақорлық, құрдымға бастар жол!» тақырыбында шебер сынып ашық тәрбие сағатын өткізді. Қатысқан педагогтер мен мамандар сабақ өткен ұстаздарға өз бағасын беріп, семинардың өз деңгейінде, жасанды интелектті пайдалана отырып ұйымдастырғандығына ризашылықтарын білдірді.
Жалпы, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – ұрпақ тәрбиесін балабақшадан бастап жүйелеуге арналған кешенді құжат. Ол жас буынды әділ, еңбекқор, отансүйгіш, жауапкершілігі жоғары тұлға етіп қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай қадам елдің рухани жаңғыруына, ұлттық бірегейлікті сақтауға және бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеуге бағытталған.

