Жалпы, термопанельдер – ғимараттарды оқшаулайтын және сонымен бірге оған заманауи және стильді көрініс беретін инновациялық материал. Оларды кез — келген үйдің қасбеттеріне орнатуға болады. Оларды қасбеттік жұмыстарда қолдануға ешқандай шектеулер жоқ, мейлі ол бетон, кеңейтілген сазды бетон, классикалық кірпіш, сыланған және сыланбаған қасбеттер, көбік пен газдалған бетон блоктарының үйлерінің қабырғалары немесе ағаш, тек бекіту әдісі өзгереді.
Термопанельдер іс жүзінде жылытуға 40% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және ғимараттардың энергия тиімділігін арттырады. Оларды басқа қасбеттік материалдардан ажырататын термопанельдердің негізгі сипаттамалары-беріктік, жоғары жылу сыйымдылығы, күтімнің қарапайымдылығы және, әрине, эстетикалық көрініс.
Термопанельдердің бірқатар артықшылықтары бар, сондықтан олар қазіргі заманғы құрылыста кеңінен қолданылады. Ең басты артықшылығы — энергия тиімділігі, себебі панельдер температура күрт ауысқанда да жылуды жақсы сақтайды. Құрылыстың жеңілдігі панельдерді каркасты және модульді ғимараттарда нысанның жалпы салмағын едәуір арттырмай пайдалануға мүмкіндік береді.
Панельдер ылғалдылыққа төзімді, бұл оларды қатал климат жағдайында таптырмас етеді. Құрылымының арқасында олар дыбысты оқшаулау қасиетін де жақсы атқарады. Панельдерді монтаждау күрделі жабдықты қажет етпейтіндіктен, құрылыс үдерісін жеделдетіп, еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Термопанельдердің басты кемшілігі — шектеулі өртке төзімділік. Пенополистирол жоғары температурада еріп, токсиндер бөлуі мүмкін. Сондықтан тұрғын үйлерде қолданғанда өртке қарсы шараларды қарастыру керек. Панельдер қатты механикалық әсерге, әсіресе сыртқы қабық пластик парақтан жасалса, сезімтал болуы мүмкін. Агрессивті орта жағдайында коррозияға қарсы қосымша қорғауы бар панельдерді қолдану қажет.
Түркістан облысында түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп жатқандардың саны артып келеді. Сондай жанның бірі, Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны Турсунхонов Асылхон қайтарымсыз грант алып кәсібін ашқан. Бағдарламаның мақсаты — өз ісін бастауға ниет еткен азаматтарды қолдау екені белгілі. Тек, бастаған ісіңді дөңгелетіп әкетсең болғаны. Грант қаражатының арқасында ол термопанель өндіру цехын іске қосты. Ал курста оқып, сертификат алу — қандай да бір кәсіпті меңгеру үшін алғашқы кәсіпкерлік негіздерін үйренуге жасалған алғашқы қадам. Мемлекеттік грант алып, өз ісін бастауға ниет етіп отырған азаматтарға барынша қолдаулар көрсетілуде.
— Термопанель — әрі жылу береді, әрі үйдің сәнін келтіреді. Термоқұрылымдық панельдер — бұл жеңіл әрі энергия үнемдейтін конструкциялар жасау үшін кеңінен қолданылатын заманауи құрылыс материалдары. Негізгі материал — ұнтақталған полистирол, ол ұлпаға айналған кезде ауаға толтырылған ұсақ қуыстар түзеді. Осындай құрылым арқасында панельдер тамаша жылуоқшаулағыш және беріктік қасиеттерге ие. Сонымен қатар, негізгі шикізаты — цемент пен құмнан тұратын түрі де бар. Оны формаға құйып, вибропресте нығыздаймыз. Сосын пенополистирол немесе минералды мақтамен біріктіреміз. Ал, сыртқы бетіндегі фактураны тас, кірпіш немесе мәрмәр ретінде өзіміз жасап шығарамыз, — дейді Турсунхонов Асылхон.
Термоқұрылымдық панельдер жылуоқшаулағыш жүрек және қатты сыртқы қабықтан тұрады. Жүрегі — көбік тәрізді иілгіш полистиролдан жасалып, өндіріс барысында материал термиялық өңдеуге ұшырап, ауа қуыстарынан тұратын микрожартылай құрылым түзеді. Мұндай құрылым жоғары жылуоқшаулағыш қасиет пен жеңілдік береді. Термоқұрылымдық панельдер — энергоэффективті ғимараттар салуда тиімді шешім. Оларды қолдану құрылыс уақытын қысқартуға және эксплуатациялық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жылуоқшаулау қасиеттері жоғары әрі ылғалға төзімді панельдер тұрғын және өнеркәсіптік нысандарда кеңінен сұранысқа ие. Дегенмен, жобалау кезінде өртке төзімділік шектеулерін және қауіпсіздікті арттыру шараларын ескеру маңызды.
Панельдердің сыртқы қабаттары әдетте металл немесе пластик парақтардан жасалып, жылуоқшаулағыш жүректі сыртқы әсерден қорғайды. Көбіне полимерлі жабынмен қапталған мырышталған болат парақтар немесе алюминий панельдер қолданылады; агрессивті ортада пластик парақтар да пайдаланылады.нергетикалық дағдарыс кезінде үйлерді арзан әрі тиімді жылыту керек болды. Ал, біз Қазақстанда бұл технологияны 2010 жылдардан кейін кең қолдана бастадық. Әсіресе біздің оңтүстікте термопанель жай тренд емес, стандартқа айналды, — дейді маман. Міне, осылайша жергілікті шеберлер Еуропа технологиясын қазақ климатында бейімдеп, өз өндірісін дамытуға күш салып жатыр
Мемлекеттік грант бағдарламаларының арқасында өңірімізде жаңа өндірістер ашылып, халықтың кәсіпкерлік белсенділігі артуда. Бадам ауылында соңғы жылдары мемлекеттік қолдау шаралары арқылы өз бизнесін ашып, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және өндіріс салаларында табысты еңбек етуде. Жоба жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға, сондай-ақ өңірдің құрылыс саласына сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынуға мүмкіндік беруде екен. Мұндай бастамалар ауыл кәсіпкерлігін дамытып, өңір экономикасының өсуіне оң әсерін тигізуде.

