Тұтастай алғанда, Қаратау тәжі саналатын Кентаудың даму әлеуеті зор. Шаһарда жаңа кәсіпорындарды ашу үшін индустриалды аймақ құрылған. Аймақ жол, жарық, ауыз су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілген.
«Ауыл Аманаты» жобасын мерзімді жүзеге асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдау үшін жұмысшы топ құрылған. Аталған бағдарлама аясында құрылған топ тарапынан «Ауыл Аманаты» жобасына енген ауыл тұрғындарына бағдарлама басталғаннан бүгінгі күнге дейін бірнеше кездесулер өткізіліп, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама негізінен ауыл шарушылығын өркендетуге басымдық береді. Несие алу үшін ауыл тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Ауыл әкімдіктері тұрғындар несие алғанша толық сүйемелдеу жүргізеді. Несие алушылар – ауылдық елдімекен тұрғындары және зейнет жасынан аспауы тиіс.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені ауылдың деңгейі тұрғындардың табысына тікелей байланысты.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жолымен ауыл халқы табысының деңгейін арттыру жоба аясында кеңінен қарастырылады. Агроөнеркәсіп пен өндіріс орындарын жандандыру ауыл экономикасын жақсартуға үлес қосады. Сонымен қатар фермерлікті дамыту туралы да айта кеткен жөн. Ауыл шаруашылығы техникаларының жеткілікті деңгейде болуы — ауыл тұрғындарының табысын арттыруға себепкер. Әлеуметтің әлеуеті арта бастаған жасыл желекті Кентау қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігі көз сүйсіндіреді. Қала облыс орталығы Түркістан қаласынан небәрі 30 шақырым қашықықта орналасқан. Мұнда өз ісін жетік білетін кәсіп адамдары тұрады. Кентау — өндірісті қала. Қалада индустриалды аймақ іске қосылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді және тиімді болуы керектігін жиі айтуда.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Кәсіпкерлер – еліміздің цифрлық дамуының қозғаушы күші болуы тиіс» деп атап өтті. Осы салаға қатысты нақты тапсырмалар әкімдіктерге берілуде. Сонымен бірге облыс көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған нақты әрі нәтижелі іс-шаралардың қабылданып жатқан жайы бар. Жергілікті тұрғындардың табысты әрі ауқатты болуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Аудан байыса – облыс байиды, облыс байыса – халықтың әл-ауқаты артады. Демек, жұмысты үйлестіріп, жанашырлықпен, елге деген адал ниетпен атқаратын және нақты нәтижеге жетелейтін көрсеткіштер қажеттігі жайында тапсырмалар толастар емес. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауларын тиімді жеткізу мақсатында, Кентау қаласының әкімі игілікті істердің тыңғылықты атқарылуына мұрындық болуда. Өйткені, «Ауыл аманаты» жобасына қызығушылық танытқан қала тұрғындарының саны күн санап артып келеді.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 20 қарашасында қала басшысы Жандос Қалмырзаұлы Тасовтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға қала әкімдігі, қалалық прокуратура, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуде қала әкімі Жандос Тасов кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, бизнеске қолдау көрсетудің маңызын атап өтті. Кәсіпкерлер инфрақұрылым тарту, жер телімдерін рәсімдеу, рұқсат құжаттарының қолжетімділігі, бақылау процесстерін жеңілдету, шағын бизнесті ұлғайту және төмен пайызды мемлекеттік несиелерге қол жеткізу мәселелерін көтерді.
Кентау қалалық филиал директоры Мұрат Садуов өз сөзінде: «Біздің басты мақсат – кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу. Әр ұсыныс мұқият қаралып, кәсіпкерліктің дамуына нақты жағдай жасаймыз», – деді.
Жиында прокуратура және Палата өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бизнес құқықтарын қорғау, заң талаптарының бірізді сақталуы және әкімшілік қысымды азайту бойынша кеңес берді. Кездесу қорытындысында қала басшысы жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, әр мәселе бойынша мерзім белгіледі. Ол сондай-ақ: «Кәсіпкерлермен диалог тұрақты түрде жалғасады. Біз үшін олардың әрқайсының ұсынысы құнды», – деп атап өтті.
Кентауда бизнес климатын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілмек.
Қорыта айтқанда, Кентау қаласында атқарылып жатқан кешенді шаралар «Еңбек нарығын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» нәтижелі іске асып жатқанын көрсетеді. Жаңа өнеркәсіп орындарының ашылуы, жастарды қолдау, әлеуметтік топтарға мүмкіндік беру, кәсіпкерлікке серпін беру — қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Еңбек нарығындағы оң өзгерістер алдағы уақытта да жалғасын табары анық.

