Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы сөйлеген сөзінде: «Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар. Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Биылдан бастап елімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл бағдарламаны барлық мектеп, соның ішінде жекеменшік мектептер де қолданады. Ұлттық білім саласындағы тәрбие жұмысында біртұтас жүйе болуы керек. Жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру қажет. Әрбір жас отаншыл, жасампаз, жаңашыл, білімпаз, еңбекқор, ұқыпты, үнемшіл болып өсуі керек. Сондай азаматтар ғана мәдениетті, қауіпсіз әрі «Заң мен тәртіп» үстемдік құратын қоғамның іргесін қаламақ. Халқымыз «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтпаған. Ұрпақ тәрбиесінде ата-ана, мұғалім және мемлекеттік органдар бірге жұмыс істеуге тиіс. Себебі, жауапкершілік бәріне – ортақ. Хакім Абай да «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп айтқан.
«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болады. Ал бұл үштіктің өзегінде – еңбекқорлық идеясы болуға тиіс. Жас ұрпаққа еңбексіз ешқандай игілік болмайтынын үнемі түсіндіріп айту керек. Қоғамда масылдыққа жол бермеу қажет. Себебі, бұл жол тек тығырыққа тірейді.»,-деген еді.
Ел Президентінің Жолдауларын басымдыққа алған Кентау қаласында 2025 жылдың 5 желтоқсан күні Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласының 70 жылдығының мерей тойына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Ұлттың болашағы – жастардың қолында. Тәуелсіз елдің ертеңгі күні білімді, жан-жақты дамыған, отансүйгіш ұрпақтың қалыптасуына байланысты. Сондықтан біз үшін ең басты міндет – жас буынның бойына ұлттық рухты сіңіру, олардың келешекте еліміздің тұтастығы мен өркендеуі үшін қызмет етуіне жағдай жасау.
Іс шараға қалалық маслихат төрағасы: Елеусизов Қаблан Джамалбекұлы, Кентау қаласының Білім бөлімінің басшысы: Ауелбеков Әділ Арысбайұлы, Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: Садуов Бекзат Нұралыұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Әшірбаев Бахытжан Шәкірұлы, Ювеналды полиция тобының бастығы майор Ахметов Жанболат Саруарұлы, 70 ардагер ұстаздар, желтоқсан ардагерлері, мектеп басшылары, сынып жетекшілер, педагогтер қатысты.
Бағдарлама шеңберінде Кентау қаласының 70 жылдық мерекесіне орай 70 үздік «Жас ұлан»,70 үздік «Жас қыран», 23 мектеп президенті балалар қозғалыс ұйымына тіркелді. Бұл ұйым – оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттырып, өз ойын еркін жеткізе алатын, бастамашыл да белсенді тұлға болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында жалпы білім беретін мектептердегі мектепішілік, қосымша білім беру мекемелердің үйірмеге қамтылған 70 оқушы «Балбырауын» күйін тарту етсе, 15 оқушы «Тәуелсіздік тұғырым», «Кентау келбеті» тақырыбында қонақтардың қатысуымен суреттер салды. Тәуелсіздік мерекесіне орай жалпы білім беретін мектептегі бірқатар педагог ұйымдастырушылар мен аға вожатыйлардың еңбегі еленіп білім бөлімінің басшысының Алғыс хаты табысталды.
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бүгін біз адал-еңбекқор, саналы азаматтар ұрпағы болуға ұмтылуымыз қажет. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет.
Шындығында, Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін еліміздің кемел келешегі болған тәуелсіз ел жастарына еселеп еңбекпен қызмет етуі зор міндет. Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз, кешегілердің жалғасымыз. Біздің міндетіміз – рухани кемел білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.
Ал, ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды,- деген Мемлекет басшысының сөздері Кентау қаласында өткен шараның шырайын келтіріп тұғандай.
Ия, «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Себебі, ел сенімін, үмітін ақтау білімді әрі иманды жастардың қолында екеніне сенім мол.

